«Вуэльтаның» 10-шы кезеңі аяқталды

    • Filled in News in Kazakh 9 Сентябрь 2010 в 3:48, author: Sake
    • Views: 1 994.

    «Астана» шабандозы Дмитрий Фофонов «Вуэльтаның» 10 кезеңінде мәре сызығына 10-шы болып жетті. Жарысқа қатысушылар Таррагона-Виланова мен ла Гельтру қаласына дейін 173 шақырымнан астам жерді басып өтті. Айтпақшы, «Саксо Банк» клубының намысын қорғап жүрген Энди Шлек пен Стюарт О’Грэди жарыс жолына шыққан жоқ. Команда менеджерінің айтуынша, қос спортшы демалыс күні көп қыдырып, ішімдік ішкеннен соң додадан шеттетілді. Ал осы жолғы бәсекеде өзгелерден оқ бойы озық келген «Кейс де Парн» командасындағы Иманол Эрвити кезең жеңімпазы атанды. Жалпы есепте «Катюша» клубындағы Хоакин Родригес көш басында тұр. Испандықтан 4 мин. 27 секундқа қалып келе жатқан отандасымыз Александр Дьяченко болса 24-ші сатыда. 10 кезеңді ол 40-шы болып аяқтады.

    Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание