Велоспорттан Қазақстанның ұлттық чемпионаты алғаш рет Талдықорғанда өтеді

    • Filled in News in Kazakh 24 Июнь 2010 в 11:27, author: Sake
    • Views: 1 807.

    2010 жылғы маусымның 23-і мен 27-сі аралығында алғаш рет Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты элита, андер (23 жасқа дейін), жастар, әйелдер санаттары бойынша өтеді.

    Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионаттың ашылу рәсімі маусымның 23-і күні «Жетісу» орталық стадионында болады.

    Жарыстарға Қазақстанның  барлық облыстары мен қалаларының өкілдерімен қатар «Астана» халықаралық велокомандасының кәсіби спортшылары да қатысады. «Элита» санатында Асан Базаев, Болат Райымбеков,  Андрей Мизуров, Максим Иглинский сынды кәсіби спортшылар жарыс жолына шығады.

    Сандуғаш Дүйсенова

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание