Ұпайды күзде санаймыз

    • Filled in News in Kazakh 21 Октябрь 2010 в 3:27, author: Sake
    • Views: 1 920.

    Велоспорттан Италияда өткен Giro di Lombardia біркүндігі бүкіләлемдік «Про-тур» жарыстарының биылғы маусымдағы ең соңғысы екенін кеше жазғанбыз. Осы бәйгеден соң Халықаралық велосипедшілер одағы биылғы жылды қорытындылады.


    Халықаралық велосипедшілер одағы­ның (UCI) «Ұлттық» рейтингіне 34 мем­лекет еніпті. Қазақстан 406 ұпаймен 12-орын­ға тұрақтады. Көш басында – әдет­те­гідей Испания. Олардың еншісінде – 1908 ұпай.

    «Про-Турдың» клубтық рейтингінде «Ас­тана» 986 ұпаймен 3-орынды иеленді. Бірінші орынға 1005 ұпаймен Данияның Saxo Bank клубы орналасты. Италияның Liquigas-Doimo атты клубы 996 ұпай­мен екінші орынға жайғасты.

    Велошабандоздардың жекелей рей­тин­гінде 551 ұпаймен Хоакин Родригес үз­дік шықты. Испанияның бұл дүлдүлі орыс­тың «Катюшасының» намысын қор­ғай­ды. Ал оның отандасы биыл «Астана» клубын қорғаған Альберто Контадор 482 ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты. Келесі жылдан бастап Saxo Bank клубы­ның намысын қорғауға бел буған Аль­берто Контадордың «допинг қолдан­ды» деген күдікпен басы дауға қалғанын жақсы білесіздер. Енді, міне, бүкіләлемдік рей­тингте көшбасшылық мәртебесінен айы­рылып қалып отыр.

    Жекелей рейтингтегі Қазақстан ве­ло­спортшыларын түгендер болсақ, Алек­сандр Винокуров 283 ұпаймен 11-орынға, Максим Иглинский 117 ұпаймен 42-орынға, Андрей Кашечкин 6 ұпаймен 189-орынға ие болды. Бұл рейтингте бар­лығы 278 велошабандоз тіркелген. Өз­деріңіз білесіздер, биыл Винокуров пен Иглинский өзіміздің «Астана» клу­бы­ның сапында ойқастаса, Кашечкин мау­сым соңына қарай Италияның Lampre-Fa­rnese Vini клубының құрамында өнер көрсетті. 

    Автор: Әлихан ЖАППАР

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание