«Tour de l’Abitibi» көпкүндігінде Қазақстандық велошабандоздар көш бастап келеді

    • Filled in News in Kazakh 21 Июль 2011 в 12:53, author: Sake
    • Views: 1 588.

    Канаданың  Квебек қаласында велоспорттан 17-18 жастағы спортшылар арасында "Tour de l'Abitibi" көпкүндігі өтіп  жатыр.

     Шілденің 19-ы күні жалауы көтерілген бұл дүбірлі доданың 112,8 шақырымдық алғашқы кезеңінде Роман Семёнов пен Виталий Марюхин 3-4 орын алды. Ал Тілеген Майдос 8-ші, Кирилл Пролубников 55-ші, Виктор Ошишев 101-ші, Имур Казанцев 111-ші боп мәре сызығын кесіп өтті. Осыған қарамастан, негізгі жіктелімде  7:25:35 уақыт көрсеткішімен қазақстандықтар көш бастап келе жатыр. Оларды 00:07секунд уақыт айрымашылығымен Жаңа Зеландия спортшылары өкшелеп келеді.  Бұл жарыс жексенбі күні өз мәресіне жетеді.

    Ерлік Ержанұлы

    ҚазАқпарат 

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote

    Бұл хабар Винокуровтан кейін, қазіргі «Астана» сапындағы жігіттерден кейін кім бар деген үрейді аздап басқандай.

  • Quote
    Starlights United Kingdom on 22 Июль 2011, 15:40:

    Жаңалық үшін көп рахмет. Жастар жарады! Жоғарыдағы сөздерге айтатыным, бұл жігіттердің дамып нағыз мамандарға айналуы үшін әлі талай жумыс істеу қажет.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание