Вини тағы үздік!

    • Filled in News in Kazakh 26 Апрель 2010 в 5:51, author: Sake
    • Views: 2 179.

    Photo by Astana Team Communication Department

    «Астана» велокомандасының шабандозы қазақстандық Александр Винокуров әлемнің беделді жарыстарының бірі - «Льеж-Бостонь-Льежь» бір күндігін жеңіп алды.
    Мәре сызығын екінші болып кесіп өткен ресейлік Александр Колобнев қазақстандық спортшыдан 6 секундқа қалып қойды. Үшінші орын испандық Алехандро Вальвердеге (Caisse d'Epargne) бұйырды.

    Азаттық радиосы

    Photo by Sirotti

    Басқада жарыс нәтижелері:

    1 Alexandre Vinokourov (Kaz) Astana 6:37:49
    2 Alexandr Kolobnev (Rus) Katusha 0:00:06
    3 Alejandro Valverde (Spa) Caisse d’Epargne 0:01:04
    4 Philippe Gilbert (Bel) Omega Pharma-Lotto
    5 Cadel Evans (Aus) BMC Racing
    6 Andy Schleck (Lux) Saxo Bank 0:01:07
    7 Igor Anton (Spa) Euskaltel-Euskadi
    8 Chris Horner (USA) RadioShack
    9 Frank Schleck (Lux) Saxo Bank
    10 Alberto Contador (Spa) Astana
    57 Gorazd Stangelj (Slo) Astana 0:07:05
    83 Oscar Pereiro Sio (Spa) Astana 0:09:34
    106 Andriy Grivko (Ukr) Astana 0:12:27
    107 Maxim Iglinskiy (Kaz) Astana

    Вини тағы үздік!

    Photo by Sirotti

    Велоспорттан Бельгия төрінде өткен “Льеж – Бастонь – Льеж” біркүндігінде Александр Винокуров топ жарды.

    “Льеж – Бастонь – Льеж”  біркүндігі

    261 шақырым. 1. Винокуров (Қазақстан, “Астана”) – 6:37.49. 2. Колобнев (Ресей, «Катюша») – 0.06. 3. Вальверде (Испания, Caisse d’Epargne) – 1.04. 4. Жильбер (Бельгия, Omega Pharma-Lotto). 5. Эванс (Австралия, BMC Racing) – . 6. А. Шлек (Люксембург, Saxo Bank) – 1.07… 10 Алберто Контадор (Испания, «Астана»)… 107 Максим Иглинский (Қазақстан, «Астана»)

     Аламан ақпарат 

      Александр айбынданатын кез келді!

    Photo by Sirotti

    Сәуірдің аяғы әйгілі  велоспортшымыз Александр Винокуровқа  тәуір болып тұр! Тіл-көзіміз тасқа дейміз. Бір аптада екі ірі жарыстың бас жүлдесін еншілеген жерлесіміз өзінің велоспорт әлеміндегі әлсіздер қатарынан еместігін іс жүзінде дәлелдеп берді. 24 ай бойы атқа қонбағаны да Александрдың сағын сындырған жоқ. Өз мықтылығын әлемге мәшһүр ету үшін қайта оралған ол Бельгиядағы  "Льеж-Бастон- Льеж" жарысында өзімен аттас  өзге Александрларды қою шаңда қалдырды. 
    Мәреге құйрық тістесіп жеткен үшеудің ішінен Винокуровтың «аты» озып шықты. 6:37: 48 уақытын көрсеткен ол діттеген жеріне жетіп үлгерген 140 спортшыны артта қалдырды. Ресейлік «Катюшаның» шабандозы Александр Колобневтан 6 секундқа озып кеткен Саша әлемдегі ең көне әрі әйгілі «Льеж Бастон Льеждің» жеңімпазы деп танылып, аққайнар ату бақытына бір аптада екі рет ие болды. Үшінші орында испандық Алехандро Вальварде. Ол «Астананың» беткеұстарынан 1 минут  04 секундқа қалып қойды. Испандық жұлдыз Альберто Контадор үздік ондықты қорытындылап тұр. Допинг дауының құрығына ілінгелі карьерасына да кір келтіріп алған Саша үлкен спортта онымен санаспауға болмайтынын тағы бір дәлелдеді, әрі қарай дәлелдей бермек.

     1.Александр Винокуров (Қазақстан «Астана»)
    2.Александр Колобнев (Ресей)
    3.Алехандро Вальверде (Испания)
    ... 10. Альберто Контадор (Испания, «Астана»)
    ...57.  Горазд Станегли (Словения, «Астана»)
    …83. Оскар Перейро (Испания, «Астана»)
    …106. Андрей Гривко (Украина «Астана»)
    …107. Максим Иглинский (Қазақстан, «Астана»)

    Ел спорты 

    Винокуров екінші жеңісіне қол жеткізді

    Трентино көпкүндігін жеңіп алған жерлесіміз Александр Винокуров, Бельгия жерінде өткен Льеж-Бастонь-Льеж велобәйгесінің де жеңімпазы атанды. Осы маусымда қатарынан екі бірдей жеңісін тойлап отырған Вино, бабында екендігін дәлелдеді. Жарыс жолында команда серкесі Альберто Контадордың да дем бергенін айта кеткен жөн. 260 шақырымға созылған бәсеке тартысты өтті. Мәреге 15 шақырым қалғанда шаң қаптырамын деген «Катюша» командасындағы Александр Колобнев суырылып алға шықты. Алайда, жеңісті мақсат еткен Винокуров қарысыласын алысқа ұзатқан жоқ. Бас жүлдеден үмітті шабандоздар бәсекенің көркін қыздыра түсті. Жарыс соңына дейін жылдамдығын жоғалтпаған Винокуров, мәре сызығын бірінші болып бағындырды. Ал «Катюша» клубының өкілі біздің шабандоздан 6 секундқа қалып келді. «Кейс Депар» командасындағы Алехандро Вальверде үшінші орыннан көрінді. Альберто Контадор болса, мәреге 10-шы болып жетті.

    Жомарт Рахымжан

    Еуропадағы ең байырғы классикалық велодода “Астананың” капитаны Александр Винокуровтың жеңісімен аяқталды.

    Біркүндік жарыстың көрігін қыздырған “Астананың” тағы бір лидері , әйгілі испаниялық велошбандоз Альберто Контадор мәреге оныншы келді.Биыл 36-жасар Александр Винокуровтың қарқыны күшті. Осыдан бірер күн бұрын “Джиро дель Трентинода” топ жарған жерлесіміз, жексенбі күні ең байырғы классикалық веложарыстың бас бәйгесін иеленді. Осымен 96- мәрте өткізілген “Льеж-Бастон-Льеж” біркүндігіндегі негізгі тартыс мәреге 15-шақырым қалғанда басталды. Бір-бірінен көз жазып қалмауға тырысқан үміткерлер осы тұсқа дейін үзеңгі қағысып келді. Реті келсе, қатар шапқан мықтыларды тастап қашудың сәтін күткен “Астананың” капитаны, түбі өз тактикасын іске асырып кетті. Сол кеткеннен мол кеткен Винокуровқа ілесе жөнелген ресейлік жампоз Александр Колобнев, екеуара бәсекенің немен тынатынын алдын-ала сезгендей әсер қалдырды. Егер мәреге жеткенше әркім өз тактикасынан танбаса , олардың ізін басып келе жатқан Филипп Жильбер бастаған үштіктің қуып жетуі де мүмкін еді. Сондықтан бойдағы қуатты бос сарп етпей керісінше тізе қосып жарысқан қос Саша, алғашқы екі орынның мәселесін өзара шешіп алды. Шыны керек тартыстың көкесін мәре алдындағы тура жолдан күткенбіз. Бірақ Қазақстан мен Ресей жанкүйерлері көз тіккен Льеждегі жекпе-жектің түйіні оңай шешілді. Сөреге санаулы метрлер қалғанда бір екпінмен -ақ Колобневті ту сыртында қалдарған Винокуров мәртебелі жарыстың жеңімпазы атанды.

    КТК телеарнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote

    Оңбаған француздар өз әдеттеріне тағы басты: қалай Вино ірі жарыстарда жеңе бастаса солай оны жамандай бастайды «тағы допиң пайдаланған шығар»…

  • Quote

    мен тек қазақтардың іштері тар деп ойласам көре алмайтын халықта көп екен ғой…

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание