PRO TEAM ASTANA ПАССО ДЖИАУДЫ БАҒЫНДЫРУҒА ДАЙЫН

    • Filled in News in Kazakh 23 Май 2012 в 9:32, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 511.

    Бүгінгі күн  айтарлықтай тыныш өтті, алда  Кортина ДАмпеццода мәреге жететін таулы кезең

    Демалыс күнінен соң пелотон  Лимоне суль Гарда мен  Пфальцен арасында өткен сынды айтарлықтай баяу өткізуді жөн көрді. Кезеңдік жеңімпаз алға ұзап кеткен шабандоздар арасынан анықталды. Мәреге бірніші болып негізгі топтан  9 минут алда болған баск өкілі Изагирре келді. Шабандоздардың басым бөлігі  келесі кезеңге, яғни екеуі бірініші және екінші санатқа жатқызылған төрт биіктікті бағындыруы тиіс. Мәре Кортина д’Ампеццода.

    Спорттық директор Александр Шефер алдағы кезеңдегі жоспармен бөлісті: “Ертең біраз күш жұмсайтын кезең болғалы тұр. Сөреден өтер өтпес көтерілуді бағындырсақ, одан бөлек төрт таулы жолымыз бар. Тегіс жол жоқ десе де болады. Кезең  14% градиент асуы бар бұрылыстан және Кортина тауынан аса қауыпты төмен  түсуден тұрады, және   Пассо Джиауға көтерілумен аяқталады. Бұл кезең өзіне  аса көңіл бөлуді талап етеді.   Бас жүлдеден үміттілер арасындағы тартыс бола қоймас, себебі соңғы көтерілуден кейін мәреге дейін 20 шақырымдай жол болады. Ал көшбасшылар жума мен жексенбі арасында өтетін соңғы кезеңдерде бабы мен бағын сынайды”.

    "Pro Team Astana"  баспасөз-релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote
    #1 by Zhake Kazakhstan on 23 Май 2012, 15:48:

    Бүгін болмаса қашан? Мәселенің басы ашылып, жеңістен үміткер 3-4 жігіттің аты аталып қалар…

  • Quote
    #2 by KenesZZZ Kazakhstan on 23 Май 2012, 16:23:

    Тек қана алға, жігіттер. Біз сіздерге сенеміз, а сіздер, біздің үмітімізді ақтауларың қажет.

  • Quote
    #3 by Zhake Kazakhstan on 23 Май 2012, 21:26:

    Болмады. Бұл жолы да подиумнан құр қалатын болдық. Өкінішті.

  • Quote
    #4 by Zhake Kazakhstan on 23 Май 2012, 23:06:

    секірмей жатып «ап» деме

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание