Pro Team Astana Арден мен Доломит бәйгелерінде

    • Filled in News in Kazakh 17 Апрель 2012 в 6:40, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 454.

    Amstel Gold Race велосынындағы тамаша жеңісінен соң шабандоздар жаңа жеңістерге қол созады  

    Энрико Гаспароттоның Амстел Голд Рейстегі жеңісінен кейін  көп ұзамай  Pro Team Astana жарыс жолына қайта жиналды: сәуірдің 17- сі мен 20 – сы аралығында Giro del Trentino, ал 18 – ші сәуірде Fleche Wallone додалары жалауын желбіретеді.

    Трентинода командаға басшылық жасайт менеджер  Джузеппе Мартинелли, алдағы жарысқа қатысты өз ойымен бөлісті: «Мен әрдайым Трентиноны Giro d’Italia алдындағы ең қиын сынақтардың бірі деп есептейтінмін. Бұл жолы да бұл ойымнан таймақ емеспін. Жарыс бізге ең алдымен шабандоздардың аяқ алысын, команданың бүгінгі күнгі дайындығын бағалау үшін қажет,  себебі сейсенбі күні велосипед ершігіне отырғандардың көбі, ертең Джирода бағын сынайды.  Әрине,  Трентино жолдары Джирода көшбасшы болу міндеті жүктелген Кройцигердің бүгінгі шама шарқын байқауға  жақсы мүмкіндік.  Жарыстың төртінші кезеңі өте ауыр. Басеке күшті. Бірақ Роман бүгінгі бабын бағалай келе, жеңіске жететіндігіне сенім білдірді.

    Команданың тағы бір бетке ұстары –  Яни Брайкович. Алғашқы кезең ол үшін тіптен оңай болған жоқ. Денсаулығының сыр беруіне байланысты, біршама қиындықтар туғаны рас.  Трентинода, артынан Романдия бәйгелерінде ол өз күшіне сеніммен қарайды деп үміттенемін. Алдына қойылған үлкен мақсатты орындау үшін психологиялық тұрақтылықтың болғаны да абзал. Бұған әрине, Гаспароттоның жеңісі де өз септігін тигізді, бұл ең алдымен біздің  бекер тер төкпегеніміздің дәлелі».

    Гаспароттоның өзі де қуанышымен бөлісуге асықты: «Командадағы  барлық әріптестеріме өз ризашылығымды білдіргім келеді. Олардың атқарған ерен еңбегі болмай, жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмас еді. Әсіресе, Бозич пен Гавацци, өздерінің жеке бас мүддесін команда жеңісі үшін ысырып қойып, бәйге барысында аянып қалған жоқ. Сондай ақ жарысты өз бақылауына алған Бонтемпидің көмегі ұшан теңіз.Қандай жағдай болмасын қасымнан табылып, демеу беріп, жеңіске ынталандырған сырлас дос қызыма, отбасыма   ерекше ілтипатымды білдіремін.  2010 жылы тұғырдың үшінші сатысы менің жеңіске жетуге деген сенімімді нығайта түсті. Өз көрсеткішімді жоғарғы деңгейге көтеруге жігер берді. Қарсыластарымның барлығы дерлік азулы. Әсіресе, тамаша дайындықпен келген  ВМС ұжымы.  2010 жылғы Каубергтегі мәре сәті әрдайым жадымда болды, соңғы бірнеше метрге дейін біршама күш сақтап қалуымды назарда ұстадым. Осы жайт менің биылғы жеңісіме жетуіме бір ден бір себепкер болған жәйт. Жеңісімді дос жаранмен бірге атап өттік.  Алда болатын  Флешь Валлон мен Льежге 100% дайындықпен аттанамын».

    Флешь Валлонға қатысты  спорттық директор Гуидо Бонтемпи  команда алдына қойылған мақсатты айқындап берді “Арденге қоныс аударған біздер үшін, жарыс жолының бедері де ауысты, бізді  2-3 шақырымға созылған өрге шығу мен қиында күрделі Уи қабырғасын бағындыру күтіп тұр.  Жарыс барысында  қолданар тактикамыз бен стратегияға қатысты  көп айта алмаймын, бірақ Гаспаротто, Иглинский мен  Кисерловскийлер сенім артқан  негізгі саңлақтарымыз.”

    Джузеппе Мартинелли  Трентинода тізгінін ұстаған команда мүшелері:
    Роман Кройцигер
    Яни Брайкович
    Борут Бозич
    Танел Кангерт
    Андрей Кашечкин
    Сергей Ренев
    Кевин Зельдреерс
    Паоло Тиралонго

    Флешь Валлонда  Гуидо Бонтемпи  бастаған  команда құрамы:
    Энрико Гаспаротто
    Роберт Кисерловски
    Максим Иглинский
    Франческо Гавацци
    Дмитрий Фофонов
    Андрей Гривко
    Евгений Петров
    Симоне Понци

    "Pro Team Astana" баспасөз -релизі

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote
    #1 by Zhake Kazakhstan on 22 Апрель 2012, 23:43:

    Максты ұлы жеңісімен құттықтаймыз!!! ЛБЛ жарысында жеңу қай спортшының да арманы!!!! Алға Астана!!!!

  • Quote
    #2 by Dina Iskakova Kazakhstan on 23 Апрель 2012, 00:25:

    Макс нагыз ерлік корсетті. Куанышымызда шек жок, Кутты болсын! Қуанышымыз ұзағынан болғай!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание