Максим Иглинский: Әнұранды жатқа білемін!

    • Filled in News in Kazakh 3 Май 2012 в 9:32, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 036.

    ALAMAN.KZ   сайты кеше "Астана" велокомандасының шабандозы, "Льеж- Бастонь -Льеж"  жеңімпазы  Максим Иглинскимен онлайн конференция ұйымдастырған болатын. Назарларыңызға осы сұхбаттың ең қызықты деген  тұстарын  ұсынып отырмыз.

    толық мәтін:"ALAMAN.KZ"

    Nurik:  Жеңісіңіз құтты болсын!!! Осы жарыста топ жарам деп ойладыңыз ба?

    Рахмет, қандай жарыс жолына шықсаң да алдыңа үлкен мақсат қойып шығасың ғой. Дайындығым жаман емес болатын, аяқтағы күш жетерлік дегендей. Ең алдымен көптен бері Қазақстан қоржынына түспеген ұпайларға қол жеткізу керектігін ойладым. Алғашқы ондықтың қатарында көрінетініме сенімді болатынмын. Ал топ жару туралы ойға келсек  жарыс барысында соңғы шақырымда сенімді болдым.

    arlan: Жеңісіңіз құтты болсын!  «Астанаға» капитан болуға мүмкіндігіңіз бар ма?

    Рахмет! Егер дайындығым жарап турса, неге болмасқа.

    Айбек: Басқа командаға ауысуға ұсыныстар түсті ма?

    Ия, Ресейдің  »Катюшасынан» ұсыныс келген. Бірақ мен «Астанада» қаламын.

    Жанпейіс НАЗАРҒАЛИ: Мамыр айында Италияда өтетін «Джиро ДИталия» көпкүндігінде Астана командасы қандай жетістікке жетеді деп ойлайсыз?

    Команда алдына үлкен мақсат қойылды. Жігіттерді жарыс жолына алып шығатын  Роман Кройцигер қазір нағыз бабында, егер қырсық деген шалмаса, үздік үштіктен көрінеді деген сенімдемін

    barcelona shempion: Женiсiнiз кутты болсын. «АСТАНА» командасы осы жылы жеңiмпаз болады деп ойлайсызба? Алдағы уакытта биiк белестердi бағындыра берiңдер …

    Тілегіңе рахмет. «Амстел» мен «Льеж-Бастон-Льеж» жарыстарындағы жеңісіміз тамаша жетістік. Құдай сәтін салса, Джирода жігіттер жерге қаратпауы тиіс.

    hAnBoLaT: Женiсiнiз кутты болсын. АЛДАҒЫ УАҚЫТТА САТТIЛIК ТIЛЕИМIН. Максим аға баска клубқа ауысу ойыңызда бар ма?Сіздің ойыңызша, дәл қазір әлемде ең мықты велошабандоз кім? Сіз Қазақ халқын қалай сипаттайсыз?

    Рахмет үлкен, Ханболат. Баска клубка ауысу туралы ойым жоқ. Катюшадан ұсыныс түсті. Бірақ менің таңдауым Астана. Өз елімнің намысын қорғауға бел буған спортшымын.  Ең мықты велошабандоз Альберто Кантодор. Оған тең келер ешкім жоқ қазір, бұл менің пікірім.

    Қазақ халқы қонақжайлығымен танылған дархан халық қой. Қай кезде, қанша уақытқа келсекте берекелі дастарханымен күтіп алады. Тіпті қыздарым демалысқа қайда барамыз дегенде Қазақстан деп шу етеді.

    қазақ: Мәке, велосипедтті  бұзып қойсаң, өзің жөндей бересің бе?

    Он бір жасымнан велосипед ершігінде отырамын дедім гой.  Ол кездері велосипедті әр түрлі темір терсектрді қосып, өзім құрастыра беретінмін. Ал қазіргі кәсіби велосипедтердің жылдамдық ауыстыру жүйесі өте күрделі, оған шамам жете қоймас, бірақ басқасын жөндей аламын.

    Aзат: ҚР Спорт агенттігі олимпиадаға баратын спортшылардың ән ұранды  қай деңгейде білетіндігін анықтау мақсатында арнайы сынақтан өткізетінін жария етті. Егер олимпиадаға баратын болып жатсаңыз, сынаққа алдын ала дайындаласыз ба?

    Жоқ, дайындықтың қажеті жоқ. Мен еліміздің ән ұранын жатқа білемін.

    Жанат: «Астана-2» командасы туралы не айтасыз? Бұл команданың болашағы қандай?

    Еліміздегі велоспорттың дамуына  сүбелі үлес қосатын керемет жоба. Біздің кезімізде бірімізге велосипед жетпей, бірімізге форма жетпей қиналып қалатынбыз. Еуропа жолдарында тәжірбие жинақтағанның өзі қол жетпейтін арман көрінетін бізге. Қазіргі жастардың алға ұмтылар мақсаты бар. «Астана-2» үлкен спортқа бастар тамаша мүмкүндік.

    Алуа: Ата анаңыз туралы айтсаңыз?

    Қарапайым адамдар. Астанада тұрады. Анам үй шаруасымен айналысады, әкем өмір бойы таксист болды. Менің спорттағы жетістіктеріме ата анам үлкен септігін тигізді десе болады. «Денди» деген ойын  қосымшасының жаңа шыққан кезі. Інім Валентинмен бірге  теледидарга косып алып, ойыннан көз алмаймыз. Анам қолына тәпішкесін устап бізді киініңдер жаттығуларын басталатын болды деп, үйден  қуып шыққандай болатын.  Ал далада жиырма градус аяз, біз болсақ, суықта велосипед тепкенше жылы уйде «Денди» ойнағанды жақсы көріп тұратынбыз. Ата анама алғысым шексіз.

    Ініңізді велоспортқа өзіңіз тарттыңыз ба?

    Алғаш рет сегіз жасында қызықты ғой деймін. Мен ол кезде велоспорт уйірмесіне қатысып жүрген кезім. Өзім ершікке он бір жасымда отырғандықтан оган бір екі жыл тура тұр деп кеңес бердім. Енді міне қасымда, ізімді басып келе жатыр. Нәтижелері де жаман емес.

    Сабыр: Льеж Бастон Льеж жеңісінен соң команданы қоспағанда алғашқы құттықтауды кімнен қабыл алдыңыз?

    Александр Винокуровтан. Менің телефоным команда көлігінде жатқан болатын. өзіме қоңырау шала алмағандықтан, команда дәрігеріне хабарласыпты. Мен ол сәтте сұхбат беріп жатқанмын. Жеңісіммен құттықтап, қуанышымды бөлісті.  Телефоныма қолым жеткенде жұбайым Натальядан отыздан астам қоңырау келгенін көрдім.

    Батыр: Александр Винокуровпен қай кезден таныссыз?

    Қай жыл екені есіме түспей тұрғаны. Ол кезде оның еуропада велосипед теуіп жүрген шағы.  Елде іш аралық жарыстардың біріне қатысуға келген, сонда алғаш көрдім. Ал танысып, алғаш сөйлескен кезім әуежайда болды. Мен ол кезде италияның велокомандасынан шакырту алганмын. Ұлттық құрамада қаламын ба, жоқ шақыртуды қабыл аламын ба деп ойланып жүрген шағым. Әуежайда қасына барып, жөнімді айттым. Ол ойланба Италия командасына келісім бер, ұтылмайсың деп қысқа қайырды. Ұшақта келісім шартқа қол қойып жатқанымды елестетіп отырдым.

    Елден жырақ жүресіздер, отбасыларыңызда қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады ма?

    Наталья манты мен бесбармақты керемет дайындайды. Елге келгенде өзімізбен бірге қазы алып кетеміз. Үйімізге келіп ет асамыз, қасымыздағы қазақстандық велошабандоздар қонақ болып кетеді. Үлкен табақ сатып алдық, қамыр жаятын оқтауды осы Алматыдан алып кеттік.  Әуежайда кеден қызметкерлері  бұл таяқты не мақсатта алып бара жатсындар дер сұрақтың астына алған.


  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание