La Fléche Wallonne

    • Filled in News in Kazakh 23 Апрель 2010 в 10:27, author: Sake
    • Views: 2 324.
      Photo ContadorInfo 
    “Астана” велоклубының лидері испаниялық велошабандоз Альберто Контадор, Бельгияда өткен бір күндік “Флэш Валлонь” додасын үшінші орынмен аяқтады.

    Классикалық велотурдың бас бәйгесін австралиялық спринтер Кадель Эванс иеленсе, тұғырдың екінші сатысына ресейлік “Катюша” клубының намысын жыртып жүрген испандық велошабандоз Хоаким Родригес көтерілді. Арденндік классикалық жарыстар Альберт Контадор үшін таңсық емес . 2006 - 2007 жылдары “Астананың” лидері “Флэш Валлонь” және “Льеж – Бастон – Льеж” велододаларының дәмін татып көрген. Бірақ олжа салудың реті бола қоймапты. “Флэш Валлоньдағы” шиеленіс әйгілі Мур де Хю асуының етегінен басталды. Таулы жолдың майталманы Альберто Контадор мен “Эускалтельдің” өкілі Игорь Антон жолсеріктерін тастаған бойы алға шығып кете барды. Сөздің шыны өрге жарысқанда алдына жан салмайтын Контадорды, осы кеткеннен мәреге жалғыз келер деп күткенбіз. Сөйтсек, біз түгілі Альберто Контадордың өзі қатты қателесіпті. Алдына түскен Контадордың ізін баққан “ВМС Расинг”клубының мықтысы Кадель Эванс әліптің артын баққан екен. Сөреге жүз метрдей қалғанда астындағы темір тұлпардың педальын шыр айналдырған әлем чемпионы Кадель Эванс және онымен үзеңгі қағысқан Хоаким Родригес , мәреге жетіп қалған Контадордың алдын орап кетті. Дегенмен “Астананың” лидері спорттық бабында екенін байқатты. Алдағы жексенбі күні Альберто Контадор мен оның командалас әріптестері тағы бір Арденндік классикалық жарыс “Льеж- Бастон-Льеж” велдодасына қатысады.

    КТК телеарнасы

    Photo ContadorInfo 
  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание