Контадор дауы үш айға созылмақ

    • Filled in News in Kazakh 15 Ноябрь 2010 в 12:40, author: Sake
    • Views: 1 921.

    30.10.10

    Альберто Контадор ісіне байланысты тәртіптік комиссияның қорытынды шешімі екі ай көлемінде шығарылмайды. Мұны Испания велоспорт федерациясының (RFEC) басшысы Хуан Карлос Кастано мәлімдеді.
    Кастаноның сөзіне қарағанда, істің соң­ғы нүктесі үш айдан соң ғана белгілі болуы мүмкін. Бұл мәселенің ақ-қарасы белгілі велошабандоздың іс барысында қандай дәйектер келтіретініне байланысты ажы­ра­тыл­мақшы. Өздеріңізге мәлім, «Астана» ве­­ло­­клубының экс-сер­кесіне қатысты зерт­теу кезінде оның зәрінен тыйым салынған кленбутерол табыл­ған болатын. Спортшы оны «бұзылған еттен болды» деп ақталып отыр. Ал Аль­бер­тоның отандасы Педро Дельгадо допинг­пен ұсталған жерлесінің спорттан алты айға дейін аластатылуы мүмкін екенін айтады. «Контадор өз ден­сау­лығына айтарлықтай нұқсан келтірді. Клен­бу­те­ролды қанға енгізу жазаға лайық. Өз басым бұл үшін оны қатаң айыптамасам да, Контадордың спорттан аластатылатынын сеземін», – дейді ол. 

    Автор: Болатбек МҰХТАРОВ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote

    Подскажите, пожалуйста, как читать жителям другой части СНГ? 🙄

    Или может кто он-лайн переводчик посоветует? Гугл не взял 🙁

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание