ДЖИРО – 2012: Күнделік. IIІ – бөлім.

    • Filled in News in Kazakh 2 Июнь 2012 в 11:59, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 287.

    20 кезең аяқталысымен Миланға тарттық.  Сәнқойлардың жұмағына айналған қала шетіндегі "Мираж" қонақүйіне "Астана" командасымен бірге тоқтадық. Біз келгенде кеш болатын,  шабандоздарды көре алмадық. Ал ерте таңертең механиктердің  үйреншікті жұмысының үстінен түстік.
    Бүгінгі соңғы 21-ші кезең түскі бір жарымда басталып, ал алғашқы "Астаналық" сағат 14-25  жарыс жолына шығатынын анықтаған соң, бір екі сағат қаланы аралып шықтық.  Бүгінгі күннің басты тақырыбы велоспорт болғандықтан  қала көшелері велосувенирлерге толып тұр. Бірінен бірі өтеді, бірақ есте қалғаны әр елдің тулары ілінген  Via Dante сауда көшесіндегі  Қазақтың көк байрағы!

    Амангелді Сембин, Майра Мұхамеджан ән салған Ла Скала  опера театрының жанынан өтіп старт қалашығына беттедік. Біз келгенде Велосипед ершігіне бірінші отыратын Александр Дьяченко жаттығып жатыр екен. Артынан қасына Понци мен Зейц қосылды.

    Жігіттердің көңіл күйі жақсы. Бір -бірлерін демеп арқаларынан қағып қояды.  Жанкүйерлерде көп. Менеджер Джузеппе Мартинелли мен Спорттық директорлар Александр Шефер мен Дмитрий Седун соңғы ақыл кеңестерін беріп әлек.

    25 мамыр күні туған күнін тойлаған Евгений Петровтың отбасы бүгін жанында

    Симоне Понци стартқа беттеген уақытта команда алаңына Роман Кройцигер келді

    Ал біз Дуомо алаңындағы мәреге асықтық.

    Роман Кройцигер мәре сызығын кескеннен кейін журналистер қонақүйге асықты. Мен қайтадан  команда автобусына оралдым. Жолдан "Астана" командасының Еуропадағы алғашқы жанкүйерлерінің бірі Офелия Калориді кездестіріп, сөзге тарттық.

    Офелия: Ең алдымен Александр Винокуровтың жанкүйері болдым. Кейін "Астана" командасы құрылған соң бір де бір жарыстан тыс қалмай, қолдау көрсетіп келемін. Төрт жыл орыс тілін үйрендім, қазір қазақ тілін үйреніп алсам деп ниеттеніп жүрмін. "Астана" алға!!!

    Көмбеден оралған шабандоздардың алғашқы легі Энрико Гаспаротто тынығып отыр. Джироның ойыншығы қолына қалай түсті екен? )))

    Осы сурет мен түсірген соңғы сурет болатын. Фотоапартымның тоқ көзі сөнген сәтте команда автобусының жанына Винченцо Нибали келді! Әттеген-ай ((((. Команданы Джироның аяқталуымен құттықтауға келіпті.

    Биылғы Джироның мен көрген 4 күні мен 3 кезеңі осындай оқиғалармен өрілді. Ұққаным, Еуропа бізді мойындады. Әрине спорттан бөлек қазақ елінің қол жеткізген табыстары аз емес. Десек те, қайда көз тастасаңыз да Астана деп ұрандатып жүрген жанкүйер. Бірі жидесін киіп, бірі телпегін киіп, барынша қолдап қояды. Үш ұйықтасада түсінде көрмеген Қазақстан деген елді "Астана" командасымен танып жатыр. Керемет емес па?!

    Күнделік барысында әріптестерім Евгений Гайдамакин, Аня Журба мен Ғибрат Бақаевтың фотосуреттері қолданылды.

    Келесі велобәйгеде кездескенше!

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 6 комментариев

  • Quote
    #1 by Dina Iskakova Kazakhstan on 3 Июнь 2012, 14:50:

    Джироға бірге барған әріптесім Есей Жеңісұлының материалдары:
    1) http://zhasorken.kz/?p=2320
    2)http://www.jasqazaq.kz/post/dastany-k%D3%A9p-%C2%ABzhiro%C2%BB

  • Quote
    #5 by Dia Kazakhstan on 4 Июнь 2012, 12:23:

    И где сие историческое фото?

    батарейка села у фотоаппарата,поэтому исторического фото Нибали,пришедшего поздравить команду с окончанием Джиро нет)
    Раз Нибс пришел в гости к команде,значит дело с ним решенное 🙄

  • Quote
    #7 by Dia Kazakhstan on 4 Июнь 2012, 12:36:

    Демо вроде хотел перевести

  • Quote
    #9 by Dia Kazakhstan on 4 Июнь 2012, 12:44:

    ну да,Демократ 🙂

  • Quote
    #11 by Dia Kazakhstan on 4 Июнь 2012, 13:04:

    ну тогда вся надежда на Демо)

  • Quote
    #12 by Dina Iskakova Kazakhstan on 4 Июнь 2012, 13:44:

    У всех села батарейка,поняли – регламент…..Но все таки дайте перевод этих статей… фото хорошие, некоторые слова знаем и все…..</blockquot

    Регламент? о чем Вы? Я сама была бы рада будь у меня такой эксклюзив

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание