Джиро — 2012: Астана бастамасы жаман емес

    • Filled in News in Kazakh 6 Май 2012 в 2:12, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 414.

    Кройцигер, Гаспаротто мен Кангерттің өнеріне оң баға

    Миланда мәреге жететін 95-ші Джиро Италия көпкүндігі Данияның Хернинг қаласында 8,7 шақырымға созылған бастама сын – жекелей сыннан басталды. Алда Веронда өтетін командалық жарыс, Рокка ди Камбио, Червиния, Пассо Джау, Альпе ди Пампеаго, Мортироло, Стельвиоға көтерілулер мен Миланда өтетін жеке есеп бәйгесі.

    Алғашқы күні жеңімпаз Финниден (BMC) 29 секунд артта қалған Энрико Гаспаротто 16- шы көрсеткішке қол жеткізді. Команда капитаны Роман Кройцигер 36 секунд айырмасымен 28-шы сатыға жайғасса, Танел Кангерт дәл осы уақытпен одан екі саты төмен.

    Команда капитаны Роман Кройцигер: “ Мен алғашқы кезеңге тыңғылықты дайындалған болатынмын, оның дәлелі мені жігерлендірген Романдия турындағы жеке сын кезеңі. Бүгінгі көрсеткішіме көңілім толады. Бірақ бұл ретте жүріп өтуге тиіс 3500 шақырымның 8 км жүріп өткенімізді ескеру қажет”.

    Команда менеджері Джузеппе Мартинелли де алғашқы кезең қорытындысына өз ойын білдірді: “Жеке сын қорытындысы көңілімнен шықты, Роман қарсыластарының көбін артқа тастады. Алдағы тауларға көтерілулерді ескерсек, бізге әр бір секундттың маңызы зор, бірақ бұл жайттың шабандоздардың жарыс алдындағы көңіл күйіне әсер етпегені жөн болар. Біз Кройцигерді сөреге келу тізімінде алғашқылардың қатарына қою арқылы, оны стартты күтуге кететін екі сағаттық уақытын қысқартуға тырыстық. Кангерттің көрсеткіші бізге мәлім болатын, ал Гаспароттоның нәтижесі, біз үшін күтпеген жағдай. Бұл ең алдымен команданы жігерлендіріп қоймай, Энриконың Амстелдегі жеңісінен кейін өз бабында екенін көрсетсе керек”.

    «Pro Team Astana» пресс- релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание