БАҚТИЯР ҚОЖАТАЕВ: «КҮШІМІЗДІ АЛДАҒЫ КЕЗЕҢДЕРГЕ САҚТАП ОТЫРМЫЗ»

    • Filled in News in Kazakh 28 Апрель 2015 в 2:57, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 2 523.

    ROB_9032

    Түркия турының алғашқы екі кезеңі аяқталды. Әзірге британиялық спринтер Марк Кэвендиш топ бастап тұр. «Астана» командасының шабандоздарының арасында Руслан Тілеубаев ТОР-20 ішінде. Ол екі кезеңнен кейін 17 сатыға жайғасқан.  Назарларыңызға Түркия турына қатысып жатқан спортшылардың жарыс жайлы пікірін ұсынамыз.

    Түркия турының үшінші кезеңі Кемер мен Элмалы қалаларының арасында өтеді. Әзірге екі кезеңнен кейін жалпы есепте Марк Кэвендиш топ бастап тұр — 7 сағат 39.30 минут. Одан кейінгі орында Саша Модоло, үшінші сатыда Никола Руффони. «Астана» сапынан Руслан Тілеубаев 17-орында. Ал «Астананың» өзі командалық есепте төртінші орыннан 11-орынға сырғыды.

    Марк Кэвендиш

    Марк Кэвендиш. «Etixx-QuickStep» командасының өкілі (Түркия турының екінші кезеңі туралы):

    - Мәреге бес шақырым қалғанда велосипедімнің дөңгелегі бағынбай, дұрыс жүрмей қойды. Аяқ астынан туындаған мәселеге бас қатыра бастадым. Баланс сақтауда қиындап кетті. Дөңгелек ақырын айнала бастады. Жолда тоқтап жаңа дөңгелек ауыстыру жағында ойластырдым. Егер тоқтасам біраз уақыт жоғалтатынын түсіндім. Мен командаластарыма сендім. Олар мәреге тақар тұста маған жол ашып берді. Бүгінгі жеңіс менің ғана емес командаластарымның да жеңісі.

    Бақтияр Қожатаев

    Бақтияр Қожатаев, «Астана» командасының мүшесі (Түркия турының алғашқы кезеңдері туралы ойы):

    - Кез келген жарыстың алғашқы кезеңі  ауыр болады. Бастысы алғашқы кезеңді топпен бірге барлығымыз сәтті аяқтадық. Күшімізді алдағы таулы кезеңдерге сақтадық.

    Арман Камышев

    Арман Қамышев, «Астана» командасының мүшесі  (Түркия турындағы нәтижесі туралы):

    - Бұрылыстардың бірінші өте тайғанақ болып, жылдамдықты игере алмай құлап уақыт жоғалттым. Аяғымды біраз сырып алғаным болмаса айтарлықтай жарақат болған жоқ. Жарысты негізгі топта аяқтай алдым.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание