«Астанаға» ағайынды Дэвистер келді

    • Filled in News in Kazakh 23 Декабрь 2009 в 9:03, author: Sake
    • Views: 2 022.

    Қазақстандық «Астана» велоклубы құрамын ағайынды қос велошабандозбен толықтырды. Осыған дейін сәйкесінше, Quick Step және Fly V Australia командаларында өнер көрсеткен ағайынды Аллан және Скотт Дэвистер жаңа маусымда «Астананың» намысын қорғайтын болады.

    Айта кетейік, Аллан да, Скотт да спринтерлер санатына жатады. Дегенмен 30 жастағы Скотт Дэвиске қарағанда, одан бір жас кіші Аллан велоспортта жеңістің дәмін көбірек татқан. Оның ең соңғы жетістігі 2009 жылы Австралияда өткен Tour Down Under-2009 көпкүндігінде жеңімпаз атанған. Бұл спортшылардың «Астана» командасындағы орны туралы Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннен сұраған едік.

    – Біз келесі жылға да ең үздік команда атануды мақсат тұтып отырмыз. Осыған байланысты ағайынды екі велошабандозбен келісімшартқа отырдық. Негізі, Алланды өздеріңіз білесіздер, әлемнің ең үздік классиктерінің бірі. Оның үстіне, Аллан Дэвисті Альберто Контадордың өзі сұратты. Ал Скоттпен Алланның жеке өтініші бойынша келісімшартқа отырдық. Алланның шарты ағасымен бір командада өнер көрсету еді.

    Р.S. «Астана» велоклубы Италияның Пиза қаласында оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Бүгінде спортшылар жаңа жылды қарсы алу үшін үйлеріне тарап кетті. Ал қаңтардың 12-сінде команда Австралияда өтетін Tour Down Under көпкүндігіне қатысады. Онда көшбасшылық міндетті Аллан Дэвис атқарады.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание