«Астана» жарысқа қатысу мерзімін 3 жылға ұзартты

    • Filled in News in Kazakh 24 Ноябрь 2010 в 1:37, author: Sake
    • Views: 1 747.

    7 канал, Жомарт Рахымжан

    «Астана» велокомандасы үш жыл бойы жарысқа қатысуға лицензия алды. Халықаралық велоспорт одағы бір ай бұрын қазақстандық клуб тиісті құжаттарды дер кезінде өткізбеді деп додадан шет қалдыра жаздаған болатын. Велоодақ бүгін кәсіби команда ретінде тіркелген 18 клубтың тізімін жариялады. Солардың 10-ы, бұрынғы лицензиясын велоодақ комиссиясына қайта бекітіп алса, қалған сегіз команда жарысқа қатысу мерзімін ұзартуын сұрады. Олардың арасында «Астана» командасы да бар. Халықаралық велоспорт одағы Денис Меньшов пен Карлос Састре өнер көрсететін екі велоұжымның өтінішін қанағаттандырған жоқ. Алайда олар 2011-ші жылғы бәсекеге құрлықтық команда ретінде автоматты түрде тіркеледі. Ал велоодақ кәсіби командалардың толық тізімін желтоқсанның 10 күні шығарады.

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 6 комментариев

  • Quote

    Ағайын! Жағымды жаңалық құтты болсын! Алып-қашпа сөздер болғанмен, «Астана» командасы кәзіргі таңдағы еліміздің ең үздік бедел жобасы болып тұр. Сәт-сапар тілеп, қолымыздан келгеніміз жарыс жолында, келмегеніміз теледидар алдында барынша қолдау көрсетейік!

  • Quote

    Ия Астананың жеңісі құтты болсын!

  • Quote

    айтуыңыз өте орынды Жәке!Барынша командамызды қолдайтын боламыз!

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 25 Ноябрь 2010, 22:17:

    АСТАНАға алдағы маусымда көп жеңіс тілеймін.Әрине айналдырған екі қаракөздің біреуін команда құрамынан шығарғандары дұрыс болмады.Қазақша пікірлер көбірек болса жақсы болар еді.Достар қазақша сайттың жұмысына белсене арласуға шақырамын.Сәке саған көп-көп рахмет, еңбегің жемісті болсын.

  • Quote

    Серік.И on 25 November 2010, 10:17:
    АСТАНАға алдағы маусымда көп жеңіс тілеймін.Әрине айналдырған екі қаракөздің біреуін команда құрамынан шығарғандары дұрыс болмады.Қазақша пікірлер көбірек болса жақсы болар еді.Достар қазақша сайттың жұмысына белсене арласуға шақырамын.Сәке саған көп-көп рахмет, еңбегің жемісті болсын.

    Серік, Сіздің қаракөздеріміздің көбірек болғаны дұрыс деуіңіз орынды ғой. Дей тұрғанмен, жоғарыда айттым ғой, бұл — ірі бедел жобасы. Қаракөздеріміз керекті деңгейде жарысуға әлі дайын болмаса беделімізді түсіріп алуымыз әбден мүмкін. Өз жастарымыды басқа жарыстар арқылы пісіріп алып, үлкен додаға қосқан дұрыс емес пе? Менің ойымша бұл бағытта да біршама жұмыстар істеліп жатқан сыңайы бар. Оған мысал жақында өткен Хайнань туры.

    Ал легионерлер барлық өркениетті елдерде спорттың барлық түрінде отыр. Тек белгілі бір шекарадан шығып кетпесек деймін.

  • Quote

    уақыт келеді қазекендер де биік шыңдардан көрінеді, бірақ қазіргі уақытта бөлінетін кез емес.

    Серік саған рахмет! сен болып мен болып сайтымызды қолдау керек

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание