«Астана» велокомандасының ресми түрде таныстыру рәсімі

    • Filled in News in Kazakh 2 Февраль 2010 в 7:10, author: Sake
    • Views: 2 876.

     

    Жуырда Австрия елордасында «Астана» велокомандасының жаңа мүшелерімен ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді. Тұсаукесердің орны бекер таңдалмады.

    Австрия елордасында «Астана» велокомандасының жаңа мүшелерімен ресми түрде таныстыру рәсімі 

    Себебі Венада Қазақстанның ОБСЕ-дегі төрағалық штаб-пәтері орналасқан. Жаттығу кестесінің тығыздығына қарамастан «Астана» командасының велошабандоздары мен менеджерілері салтанатты іс-шараға түгелдей жиналды. Асылхан Өмірбекұлы тарқатады. «Хофбург» император сарайындағы «Редутен залында» жергілікті жанкүйерлер «Астана» өкілдерін ыстық ықыласпен қарсы алып, команда капитаны Альберто Контадор мен Александр Винокуровты ерекше қошеметке бөледі. Өткен жылмен салыстырғанда биыл клубтың басым бөлігі Қазақстандықтар. Олардың саны 13-ке жетіп отыр. Ал велоспорт майталманы Александр Винокуровтың оралуы командалық рухтың көтерілуіне айрықша әсер етері сөзсіз.

    Александр Винокуров, «Тур де Франс» жеңімпазы

    Бізде жас шабандоздар өте көп. Менің басты міндеттерімнің бірі – оларға жаттығуда және жарыста көмектесіп, үлгі көрсету. Кім біледі, мүмкін олардың бірі биылғы «Тур де Франста» жасынан жарқылдар.

    «Тур де Франс-2009» жарысының жеңімпазы Альберто Контадор ағымдағы маусымда жұлдыздардың аз боларына қарамастан келешекке сеніммен қарайды. Ол жас Қазақстандықтарға үлкен үміт артып отыр.

    Альберто Контадор, «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы

    Біз жаңа жеңістерді күтудеміз. Бұл мақсатқа жету үшін – Александр Винокуровпен қоса жас қазақстандықтар да қол ұшын береріне сенемін.

    Ивон Санкер, «Астана» велокомандасының бас менеджері

    Өткен жылы «Астанада» жұмыс істеймін деп ойлаған да емеспін. Енді қызметіме білек сыбана кіріскенсоң басты міндетім – команданы құрып, Контадорды көшбасшы ету.

    Сондай-ақ, Астаналықтар жиналған жұртшылық назарына жаңартылған жейде мен «Specialized» велосипедін ұсынды. Велокоманданың жетекшілері мен демеушілері биыл былтырғыдай қаржылай қиындықтардың болмайтындығын айтып, алдағы 4 жылға ақша бөлінгендігін жеткізді.

    Қайрат Келімбетов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы

    Біздің ең мықты жоспарымыз «Тур де Франс» велогонканың бірінші орын алуы. Альберто Кантадор Испаниядан келген біздің ең мықты спортшымыз. Біздің «Астана» командасында 13 қазақстандық спортшылар бар. Менің ойымша, ол үлкен нәтижеміз. Өйткені, Астана командасы арқылы бізді бүкіл Европа біледі.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ТРК "Қазақстан"

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание