«Астана» командасының капитаны Контадор жарақат алды

    • Filled in News in Kazakh 10 Март 2010 в 11:21, author: Sake
    • Views: 2 870.

    Photo by Kahane

     «Париж Ницца» велокөпкүндігінің бірінші кезеңінде «Астана» командасының капитаны Контадор жарақат алды.

    Ол мәреге 3 шақырым қалғанда «Cervelo» командасының шабандозымен соқтығысты. Соның салдарынан Альберто велосипедінің алдыңғы дөңгелегі істен шықты. Абырой болғанда, оның командалық әріптесі жақын маңайдан табылды. Станджели – сүрінген капитанды қолтығынан демеп, өз велосипедін беріп, көмегін көрсетті. Алайда, 2009-дың үздік шабандозы – лезде қарасын үзген пелотонды қуып жете алмады. Қорытындысында Альберто Контадор жалпы есептегі 8-ші орынға табан тіреді. Испан велошабандозынан 25 секундқа озған Ларс Бум көшбасшыға лайықталған сары жейдені сақтап қалды. Ал «Астана» командасының капитаны мәреге жеткенсоң журналистерге аяғының жарақатына қарамастан жарысты жалғастыратынын жеткізді.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ТРК Қазақстан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание