«Астана» командасы финал алдындағы «Тур Австрия» веложарысындағы мықтылардың бірі

    • Filled in News in Kazakh 9 Июль 2011 в 4:06, author: Sake
    • Views: 1 659.

    Бүгін Австрияда Халықаралық велосипедшілер одағының қамқорлығы аясында өтіп жатқан «Österreich Rundfahrt» көп күндік ерлер веложарысының алтыншы сатысы басталады. Жексенбі, 10 маусым күні Австрия жолдарында өтетін финалдық жарыс алдында командалық жарыстағы мықтылардың бірі Қазақстанның «Астана» командасы болып отыр. «Тур Австрия» жарысының алғашқы кезеңдерінің қорытындысы бойынша біздің команда үшін өнер көрсетіп жүрген шведтік велошабандоз Фредерик Кессякофф жалпы есепте алда келеді, ол ең таяу қарсыласынан 1 минут 18 секундқа озық. Онымен бірге Евгений Непомнящий, Роман Киреев және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азияның 8 дүркін чемпионы, Азиада ойындарының 2 дүркін жеңімазы Андрей Мизуров Қазақстан командасының жеңісі үшін күш жұмсайды.

    Тимур Бектұрғанов

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание