Александр «Джирода»алтыншы!

    • Filled in News in Kazakh 1 Июнь 2010 в 11:27, author: Sake
    • Views: 1 548.

    Photo: © Sirotti from www.cyclingnews.com

    «Джиро д Италия» ақталды. Тур де Франстан кем түспейтін бұл велобәйгеде Александр Винокуров еншілеген орын -  алтыншы.

    Александр Веронаға жеткенше бар күшімді саламын деген болатын. Сөзінде тұрды! Жүлдеге ілікпесе де, үздіктер қатарындағы орнын жоғалтқан жоқ «Астананың» көшбасшысы. Қатарынан 4 кезең бойына қызғылт жейдені киген соң, «Джиродағы» жеңіс жақын көрінген. Алайда, бұл жарыс. Атышулы жарыста Александрдың емес, Иван Бассоның аты озды. Араға 4 жыл салып Гранд Турды қайтадан ұтып алған Бассодан 7 минут 6 секундқа қалып қойды Вино. Ең соңғы, жекелей сында Александр үшінші болып келіп, жалпы есептегі 7-і орыннан бір саты жоғарылады. Яғни, Ричи Портты ығыстырып, үздік алтылықты қорытындылап тұр. Хош, 21 күн бойы шабандоздар ойлы -қырлы , тау ,қыратты жерлерді басып өтті. Соның ішінде «Астананың» намысын қорғаған жігіттерге алғыс білдіргіміз келеді. Әсіресе, Александр Винокуровқа! Екі жыл бойы ерге қонбаса да, көшбасшылық қалпынан әлі таймаған батырымызға қандай қошемет те лайық. Себебі, адам әлеуетінің мықтылығын дәлелдейтін ми айналдырар кезеңдерді басып өту кез-келгеніміздің қолымыздан келмейтін іс. Сонымен, «Джиро», әйгілі гранд тур «Джиро д Италия» жаңа жеңімпаздарды анықтап, қайта басталуы үшін аяқталды.

    2010  жылғы «Джиро д Италия»  қорытындысы:

    1.Иван  Бассо

    2.Дэвид Дюран

    3. Винченсо Нибали

    …6.Александр Винокуров  «Астана»

    …42.Хосеф Хуфре «Астана»

    …70.Андрей Гривко «Астана»

    …87.Роман Киреев «Астана»

    …92.Горазд Станегли «Астана»

    "Ел спорты" интернет журналы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание