Альберто Контадор «Ла Флэш Валлон» біркүндік бәсекесіне түседі

    • Filled in News in Kazakh 16 Апрель 2010 в 10:35, author: Sake
    • Views: 1 871.

     

    «Астана» велокомандасының капитаны Альберто Контадор сәуірдің 21-де дәстүрлі 74-ші «Ла Флэш Валлон» біркүндік бәсекесіне түседі.

    Велошабандоздар «Шарлеруа» мен «Хьюді» қосатын 198 шақырымдық қашықтықта әйгілі «Маг Де Хью» биік көтерілімін үш мәрте бағындырулары тиіс. Шұғыл бұрылыстарға толы жолды Контадор бұған дейін де екі мәрте жүріп өткен еді. Демек, «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы бұл межені бес саусағындай біледі. Қазақстан командасының капитаны бұл жарысты күнтізбесіне «Париж Ниццада» жеңіске жеткен соң ғана енгізді.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ТРК Қазақстан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание