А.Контадор алға қойылған мақсатты орындап, үмітті ақтады — Қайрат Келімбетов

    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2010 в 6:10, author: Sake
    • Views: 3 561.

    «Astana» велокомандасы тек спорт жобасы ғана емес, Қазақстанды дүние жүзіне танытатын  брендке айналып отыр.

    Бұл жайында бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов арнайы баспасөз мәслихатында айтты.

         Қ. Келімбетов еліміздің брендіне айналған «Astana» командасын құру туралы идея Елбасы тарапынан болғандығын және Мемлекет басшысының тапсырмасымен ірі халықаралық жарыстарға қатысатын команданың құрылғандығын айтып өтті.

            «2008-2009 жылдары команда қаржы қиындықтарына тап болды. Сол уақыттан бері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Astana» командасының басты демеушісіне айналды», дейді Қ.Келімбетов.

            Сондай-ақ ол жақында өткен «Тур дэ Франц» веложарысындағы Альберто  Контадордың жеткен жетістігі тек оның ғана емес, бүкіл команданың жеңісі екендігін айтты. «Astana» спорт жобасы ғана емес, шетелге Қазақстандық спортты таныту мен еліміздің имиджін көтерудегі үлкен жоба болып отыр. Өздеріңізге белгілі, «Тур дэ Франц» жарысы 300 миллионға жуық телекөрерменді қамтиды», деді ол.

            Сонымен қатар Қ.Келімбетов  Альберто  Контадордың белгіленген мерзімі аяқталған соң басқа командаға ауысатынын және бұл қалыпты құбылыс екендігін жеткізді.  «А. Контадор өте талантты спортшы, оның алдына қойылған негізгі мақсат Тур дэ Францты жеңіп шығу болатын. Ол біздің үмітті ақтады», деді аталмыш қордың басқарма төрағасы.

             Қ.Келімбетов отандық веломектептер өте мықты екендігін және Александр Винокуров сияқты жақсы спортшылар өз мектебімізде өсіп келе жатқандығын жеткізді. «Астана» командасының құрамындағы 13 спортшы өз мектебімізден тәлім алғандар. Қазіргі басты мақсат - веломектептерді одан әрі дамытып, командаға өзіміздің жас спортшыларды дайындау. Таяу 5 жылдың ішінде «Тур дэ Франс» және басқа да үлкен жарыстарға еліміздің жас спортшыларын қатыстыру», деп атап өтті ол.

             Сөз соңында Қ. Келімбетов, «Astana» велокомандасының алдағы уақытта қандай жарыстарға қатысатындығы команда құрамының қайта құрылуынан кейін ғана белгілі болатындығына тоқталып өтті.

    Әділет Мұсахаев

    ҚазАқпарат 

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание