1

Тема: Общение на казахском

.

2

Re: Общение на казахском

Ал бисмәлла деп форум бетін ашып жіберейін!

3

Re: Общение на казахском

мына жерде аліде казахша фонтты танымайды екен, оны админдермен акылдаса отырып малеселі шешітін боламыз!

Re: Общение на казахском

ал! big_smile кутты болсын саке! ойлагандарымыз жайлап жайлап орындалып жатыр:)

5

Re: Общение на казахском

проверка микрофона


)!ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ/
("әіңғ,.үұқөһһ

6

Re: Общение на казахском

Да админ работает!сорри за беспокойство!

7

Re: Общение на казахском

Нурболат қашаннан бері осы сайтта жүрсін? сайттың ашылу тарихы бар ма еді? мен үшін мысалға қызық

8

Re: Общение на казахском

Бүгін бірнеше жеден Астананың Венадағы презентациясы туралы мақалалар жинақтағам

«Астанаға» кім қарсылас бола алады?

Ресми түрде веломаусым шымылдығы қаңтардың бірінде-ақ ашылып қойғанымен, көшбасшы командалар үшін жарыстар әлі қыза қойған жоқ. Бір саусақтарын іштеріне бүккен көшбасшы клубтар жылдың басты турнирлерін күтіп отыр. Олардың қатарында қазақстандық «Астана» велоклубы да бар.
Дегенмен өткен жылғы рейтингтің қорытындысы бойынша, бірінші орыннан көрінген «Астана» үшін жаңа веломаусым оңай соқпайын деп тұрған сияқты. Олай дейтініміз, биылғы бақталастары тым қарымды көрінеді.
Жалпы, «Про-Тур – 2010» турнирлеріне 18 команда лицензия ала алды. Олардың ішінде АҚШ пен Испанияның үш, Франция, Бельгия және Италияның екі, сондай-ақ Ұлыбритания, Германия, Дания, Голландия, Ресей және Қазақстанның жалқы командасы бар. Дегенмен осы 18 ұжымның барлығы бірдей көшбасшылар санатында жүреді деу артықтау болар. Алайда «Астанадан» бөлек, тағы бес-алты команда 2010 жылдың үздігі болуға таласатыны сөзсіз.
Мәселен, өткен жылғы рейтинг бойынша, «Астанадан» кейінгі екінші сатыға орналасқан испандық «Caisse d’Epargne» командасы биыл да алдыңғы қатарлардан көрінуге тырысатыны анық. Өткен жылы бас көшбасшысы Алехандро Вальверде «Тур де Франс» көпкүндігіне қатыса алмады. Әйтпегенде Контадорға лайықты қарсылас атанар еді.
Сондай-ақ «Астанаға» биыл АҚШ-тың екі бірдей командасы, яғни «HTC-Columbia» және «Radioshack» велоұжымдарымен бәсекелесуге тура келеді. Олай дейтініміз, алғашқысы өткен жылғы рейтингте үшінші орын алса, жаңадан құрылған «Radioshack» командасы құрамына велоспорт әлемінің қаймақтарын жинап алды. Және де бұл тізімге даниялық «Saxo Bank« пен италиялық «Liquigas-Doimo» велоклубтарын да қосуға болады.
Әлбетте, басқа ұжымдарды да қатардан сызып тастауға болмайды. «ПроТур» жарыстарына лицензия алған командалардың қай-қайсысы болсын, бар өнерлерін көрсетуге тырысатындықтары белгілі. Дегенмен басты текетірестер жоғарыда аталған командалар арасында болары айдан анық.

Австрия астанасы Венада «Астана» велоклубының 2010 жылғы құрамының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне 500-ден астам бұқаралық ақпарат өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қайрат Келімбетов, ҚР велоспорт федерациясының президенті:
– «Астана» велоклубы Қазақстан велоспортын ғана емес, дүниежүзі велоспортын дамытуға үлкен үлесін қосып жатыр. Демек, «Астана» алдағы уақытта да алдына жан салмайды деп сенемін.
2009 жылы «ПроТур» жарыстарына қатысып, 2010 жылғы «ПроТур» турнирлеріне лицензия ала алмай қалған 3 команда бар. Олар: BBOX Bouygues Telecom (Франция), Cofidis, (Франция) және Silence – Лото (Бельгия).
Арсен Жанаділ, Гүлнәр Мұқанова
Австрия елордасында «Астана» велокомандасының жаңа мүшелерімен ресми түрде таныстыру рәсімі

Жуырда Австрия елордасында «Астана» велокомандасының жаңа мүшелерімен ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді. Тұсаукесердің орны бекер таңдалмады. Себебі Венада Қазақстанның ОБСЕ-дегі төрағалық штаб-пәтері орналасқан. Жаттығу кестесінің тығыздығына қарамастан «Астана» командасының велошабандоздары мен менеджерілері салтанатты іс-шараға түгелдей жиналды. Асылхан Өмірбекұлы тарқатады. «Хофбург» император сарайындағы «Редутен залында» жергілікті жанкүйерлер «Астана» өкілдерін ыстық ықыласпен қарсы алып, команда капитаны Альберто Контадор мен Александр Винокуровты ерекше қошеметке бөледі. Өткен жылмен салыстырғанда биыл клубтың басым бөлігі Қазақстандықтар. Олардың саны 13-ке жетіп отыр. Ал велоспорт майталманы Александр Винокуровтың оралуы командалық рухтың көтерілуіне айрықша әсер етері сөзсіз.
Александр Винокуров, «Тур де Франс» жеңімпазы
Бізде жас шабандоздар өте көп. Менің басты міндеттерімнің бірі – оларға жаттығуда және жарыста көмектесіп, үлгі көрсету. Кім біледі, мүмкін олардың бірі биылғы «Тур де Франста» жасынан жарқылдар.
«Тур де Франс-2009» жарысының жеңімпазы Альберто Контадор ағымдағы маусымда жұлдыздардың аз боларына қарамастан келешекке сеніммен қарайды. Ол жас Қазақстандықтарға үлкен үміт артып отыр.
Альберто Контадор, «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы
Біз жаңа жеңістерді күтудеміз. Бұл мақсатқа жету үшін – Александр Винокуровпен қоса жас қазақстандықтар да қол ұшын береріне сенемін.
Ивон Санкер, «Астана» велокомандасының бас менеджері
Өткен жылы «Астанада» жұмыс істеймін деп ойлаған да емеспін. Енді қызметіме білек сыбана кіріскенсоң басты міндетім – команданы құрып, Контадорды көшбасшы ету.
Сондай-ақ, Астаналықтар жиналған жұртшылық назарына жаңартылған жейде мен «Specialized» велосипедін ұсынды. Велокоманданың жетекшілері мен демеушілері биыл былтырғыдай қаржылай қиындықтардың болмайтындығын айтып, алдағы 4 жылға ақша бөлінгендігін жеткізді.
Қайрат Келімбетов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы
Біздің ең мықты жоспарымыз «Тур де Франс» велогонканың бірінші орын алуы. Альберто Кантадор Испаниядан келген біздің ең мықты спортшымыз. Біздің «Астана» командасында 13 қазақстандық спортшылар бар. Менің ойымша, ол үлкен нәтижеміз. Өйткені, Астана командасы арқылы бізді бүкіл Европа біледі.
Асылхан Өмірбекұлы
Венада «Астана» командасының 2010 жылдағы тұсаукесер рәсімі болды
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  «Самұрық-Қазына» қоры «Астана» велокомандасының  бас демеушісі болғандығына байланысты, Венада команданың 2010  жылдағы тұсаукесер рәсімі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рәсім кезінде команданың бас демеушісі  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры  еуропалық  спорт қауымы алдында  команданы  қолдаудағы өз  жоспарларымен бөлісті. Қазақстанның Велосипед спорты федерациясының президенті Қайрат Келімбетов:  «Еуропада «Астана» командасына өте үлкен мән беріледі. Өйткені,  бұл соңғы 2 жыл ішінде  бүкіл әйгілі гранд-турларда көшбасшы болып келе жатқан суперкоманда», деп атап көрсетті делінген баспасөз қызметінің бүгінгі таратқан хабарламасында.
Қ.Келімбетовтың  айтуына қарағанда, биыл команда жыл ішінде өтетін жарыстардан жаңа жеңістермен оралуды мақсат етіп отыр, сонымен қатар, 2012 жылы  Лондонда өтетін Олимпиадаға  дайындалып жатыр.
Қ.Келімбетов  еуропалық спорт қауымына  Қазақстан Велоспорт федерациясының  қысқа мерзім ішінде  2 негізгі мақсатты көздеп отырғанын айтты: «Астана» командасын  қолдау және Қазақстандағы  велосипед спортын дамыту.   «Астана» командасының  әлемдік аренадағы  жеңісі  осы спорт түрін ел ішінде танымал, қызықты етуге үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Әрі, «Астана» брэнді  футболдағы «Реал Мадрид» брэнді секілді  болды. Енді оған тек жанкүйерлердің көңілін ғана емес,  инвестор, демеуші,  серіктестердің  назарын аудару керек. Бұл  спортшылар Еуропада жарыста жүрген кезде - Еуропадағы, Азиядағы, Қазақстандағы халыққа үлкен қуаныш әкеледі.  Біз де бүкіл әлеммен қосылып, олардың жеңістеріне  қуанамыз деп ойлаймын», деп атап өткен салтанатты шарада Қ.Келімбетов.
Ал, өз кезегінде Халықаралық велосипед спорты федерациясының өкілдері  демеушінің «Астана» командасын  қолдау жөніндегі  жоспарларына қанағаттанып, өз тараптарынан,  болашақта веложарысты  Қазақстанда - әлемдегі   ең мықты команданың отанында өткізу туралы идеяны қолдайтындықтарын білдірген.

9

Re: Общение на казахском

Қазақстан ТРКның соңғы жаңалықтары, тек хабарыңыз болсын!

«Бессеж Жұлдызы» велокөпкүндігінің алғашқы туры

«Бессеж Жұлдызы» велокөпкүндігінің алғашқы турында бельгиялық Нико Экхаут пен франциялық Арно Мольмидан спринтерлік сайыста озған словениялық Борут Божич мәре сызығын бірінші кесті. «Астана» сапынан Энрико Гаспортто 15-ші орыннан көрінді. Ал Валерий Дмитриев жеңімпаздан 10 секундқа кешікті.

Асылхан Өмірбекұлы

10

Re: Общение на казахском

Нұрболат, Ерназ қайдасыңдар?

11

Re: Общение на казахском

мммм сайтқа мен бірінші рет 2008 жылдың басында кіргем, бұрын ол astanacyclinteam.ucoz.ru деген болатын, содан бері осы сайттамын!!!

12

Re: Общение на казахском

ол сайт қазір жұмыс істей ме? осы сайт соны жалғасы болу керек білуімше..
хабарын барма Нұрболат сайттың шамамен қанша қолданушысы бар?

13

Re: Общение на казахском

aaa иә, мына сайт соның жалғасы!

ал қанша адам қлоданатыны жөнінде Алексей білу керек!!!

14

Re: Общение на казахском

Nurbolat qalaisyn? mine Astana turaly kazakh tildi baspasoz ne dep zhatyrganyn okyp kor..tomede siltemesin zhiberip otyrmyn. osygan ne oilaisyn?

http://www.alaman.kz/?p=2386

15

Re: Общение на казахском

salem salem sake!!! okydym!!! zhaman emes'!!! kashechkin zhoninde ali sheshilmegen okiga!!! onyn kim aksha alyp, kim tygyp zhurgeni zhoninde eshkim bilmeidi, ol tek kana kashechkinnin sozderi!!!

16

Re: Общение на казахском

Salem Nurbolat!

zhogarydagy maqalany okyp shynymen kuanyp otyrmyn! bizdin zhigitterde sporttan khabary bar ekenin tagyda daleldep, qyzyqty sholu zhasagan eken!

Zhaqynda Eursporttan Reseilik "Katyushyn" directory aytkan sozderi esime keledi. Bizder komandany tek reseilik veloshabandozdardy dayindau ushun kurdyk degeni.. Shynymen ulken zhumystar zhasalyp zhatyr, al bizde she?

songy zhyldar Astana tek baskalarga tramplin bolyp tek prestij ushun zhumys istep kelgenin bilemiz, endi osy zhylda otken qatelerdi kaitalamai,  komanda sapyna kosylgan zhas shabandozdardy zhogary reitingkke dein dayindau magsaty tur! en bastysy tek Control kerek eken, Brunel siyakty adamdardy tek alakannan shygarmai bastan bagylau kerek!

17

Re: Общение на казахском

Kashechkin ote zhogary darezheli shabandoz, nege onyn komandadan alastatty eken? sebebin bilesin be? men onyn nagyz zhankuyeri edim!

18

Re: Общение на казахском

onyn ne adam ekenin aityp bergen magan))) baska zherde aityp berem sagan!!! mynda ol kisinin zhankuerleri kop:rolleyes:!!!

19

Re: Общение на казахском

aaa tusunuktu..

men estigem boyinsha bizdin vice presindetpen kelispegesin solai alastatty dep bilemin.

zhyldagy TDF qa katysyp jursunder me? myndagy koldanushylardan kimder qatysyp zhur barlkyq kezenderine? men sol aramadap ketetin shygarmyn cool

20

Re: Общение на казахском

Уф! Тіркелдім ау айтеуір.

21

Re: Общение на казахском

Салем qazaqtar! Осында тiркелгенiме куаныштымын. Отандык велоспорт жайында ангимелесейiк. Vino 2005 жылы Льеж-Бастон-Льеждi женiп алганнан берi онын бiрде бiр жарысын жiберген емеспiн. Менiн ойымша Vino биыл Джирода женiске жете алмайтын секiлдi. 1-2 этапты утса да рахмет. Казакстандык кандай велошабандоз биыл жениске жетуі мумкiн?...

22

Re: Общение на казахском

Ал, қадамдарың құтты болсын, бауырларым!!!!!!!!!!! Жұмыстан жаңа келіп, астана сайтына кіріп, жүрегіме жақын сөздерді естіп, қуанып   отырмын!!!!!!!!!!! Саке, Нұрболат және сайт админдері!!! Сіздерге айтар алғысымыз шексіз!!!!!!!! Осы қазақы форумды көріп кету үшін әдейі жұмысты қойып, үйге келіп отырмын! Жұмысымда, өкінішке орай, интернетке шығатын мүмкіншілік жоқ... Айдала... Тіліміздің көсегесін көгертуге бәріміз де міндеттіміз...

23

Re: Общение на казахском

Барине салем! Массаган сендерди корип мине куаныштан жарылайын деп отырмын. Тилимизди осындай олик дарежеге жеткизгенимиз ушин тек озимизди киналамай тек алга умитпен карап, ара карай тилимизди жандандыруга бирге жумыс истейик!

жумыстагы компютер казахша фонттарды танымайтын болгасын тек кирил ариптеримен жазуга мажбурмун.

Джирога команда да баскада шабандоздар гой, менимше Вино маусымды жаксы бастаса Италияда да удиктер катарынан табылуы мумкин

24

Re: Общение на казахском

Баринизден отинип сураймын!

баска улттарга тил тигизип немесе баскада расисттик создермен балагаттап сойлемеуди сураймын!

25

Re: Общение на казахском

Тур Средиземноморьяда разделка бар ма екен? Евроспорттан корсетпейтiнi окiнiштi-ак. Бiздiн жiгiттерге ертен саттiлiк!!!
Менде интернетке уйге келiп тек кешке гана шыгатын боламын.