Жеңісімді 9 айлық сәбиіме арнаймын — А. Луценко

    • Filled in News in Kazakh 8 Октябрь 2015 в 11:00, author: Sake
    • Views: 1 042.

    7989

    Бүгінгі жеңісімді 9 айлық сәбиіме арнаймын. Бүгін Алматыда өткен халықаралық «Алматы туры 2014» бір күндік тасжолдық веложарысының жеңімпазы 22 жастағы Алексей Луценко осылай деп мәлімдеді.

    Жеңісінен кейін іле-шала журналистерге берген қысқаша ғана сұхбатында ол бұл жеңістен алған тамаша әсерін айтып жеткізе алмайтындығын білдірді.

    «Өзімнің «Астана» командама алғысым шексіз. Жарыс барысында маған бүкіл команда көмектесті. «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының жеңімпазы Виченцо Нибалидің өзі ештеңеге қарамастан соңғы финалдық биіктікті бағындыруыма күш салды. Ол жарыс барысында өте мықты ауысым жасап отырды. Мәреге екі шақырым қалғанда «Катюша» командасының велошабандозымен бірге сытылып алға шықтым. Нәтижесінде мәреге бірінші болып жеттім», - деді өз сөзінде Алексей Луценко.

    Петропавл қаласының тумасы енді туған жеріне демалуға аттанатындығын, отбасын сағынғандығын жеткізді.

    «Ертең үйге қайтам. Ал алдағы жоспарым жайында әзірге ештеңе айта алмаймын. Енді 2015 жылдың маусымы бойынша қатысатын жарыстар жайын «Астана» командасының спорттық директорлары мен бас менеджер Александр Винокуров шешеді. Сондықтан, қазір менің бар ойым - тезірек үйге жету», - деді А. Луценко.

    Айта кетелік, Алексей Луценко Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында жеке жарыста жеңімпаз атанған болатын. Ол 42 шақырымдық қашықтықты 50 минут 28 секундта басып өтті. Ол сонымен қатар, 2012 жылы 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында өткен топтық жарыста Әлем чемпионы атанған.

    Автор: Жаппарберген Айбота

    АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание