Жастарымыз жасындай жарқылдады

    • Filled in News in Kazakh 3 Март 2010 в 1:41, author: Sake
    • Views: 2 473.

    Photo by Vuelta Independencia Nacional

    Жарайсыңдар, жас велошабандоздар! Қазақстан велоспортында тек легионерлер ғана емес, өз өрендеріміз де өрге көтеріле алатындықтарын дәлелдедіңдер. «Қазақстан велоспорты тек «Астанасымен» ғана мақтана алады» деп пасық пікір білдірушілердің ауыздарына құм құйдыңдар. Алайда бұл сендердің алғашқы бастамаларың ғана деп сенеміз.

    Доминикан Республикасында өткен Vuelta Independencia National велокөпкүндігінде жас велошабандоздарымыз жарады. Кезеңдік жарыстарда кезегімен ерлеп, қорытынды есепте бір жігітіміз алғашқы үштіктен көрінді. Турнир жеңімпазы әрі жарыс қожайыны Аугусто Санчестен 2,30 минутқа қалып қойған жерлесіміз Арман Қамышев үшінші орынға ие болды.
    Жалпы, сегіз кезеңге созылған бұл көпкүндікте жерлестеріміз бір рет бірінші орыннан көрінсе, бір рет мәре сызығын екінші болып қиыпты. Нақтырақ айтар болсақ, Никита Умербеков 3-кезеңде алдына жан салмай, көмбеге көптен бұрын жетті. Одан кейін 7-кезеңнен соң, Абылай Шұғайыпов тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Ал қорытынды есепте үшінші орын алған Арман Қамышев кезеңдік бәйгелерде топ жармаса да, мәреге үнемі бас пелетонмен бірге жетуінің арқасында бағы жанды.
    Негізі, Доминикан Республикасына Владимир Ремыга жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы жіберген  жігіттердің ешқайсысы көштен қалып, команда атына кір келтірген жоқ.

     

    Vuelta Independencia National көпкүндігінің қорытынды есебі:
    1-орын: Аугусто Санчес (Доминикан) Aro&Pedal 23:46:01
    2-орын: Бруно Лангиос (Канада) Spidertech — 0:01:51
    3-орын: Арман Қамышев (Қазақстан) — 0:02:30
    9-орын: Никита Умербеков (Қазақстан) — 0:07:24
    11-орын: Евгений Пеляйкин (Қазақстан) – 0:08:44
    13-орын: Абылай Шұғайыпов (Қазақстан) – 0:09:16
    19-орын: Данил Фоминых (Қазақстан) – 0:13:03
    21-орын: Мирас Бердербеков (Қазақстан) – 0:14:35

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание