Жарыс жолында – ізбасарлар

    • Filled in News in Kazakh 20 Август 2009 в 12:09, author: Sake
    • Views: 2 253.

    Өскеменде жасөспірімдер арасында велоспорттан республикалық көпкүндік жарыс аяқталды. Жеті кезеңдік бәйгеден тұратын жарысқа еліміздің барлық облысының мектеп жасындағы велошабандоздары қатысты.

    Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, көпкүндік деңгейі біршама жоғары болған. Қысқа қашықтықты жеке жарыста тараздық Айбек Мұратов топ жарса, талдықорғандық Ернұр Нұрланов екінші орынға ие болды. Ал 75 шақырымға созылған аламан бәйгеде жарыс иесі Николай Фоменко мәре сызығын бірінші болып кесті. Жүлделі орындарды Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері өзара бөлісті. Командалық бәйгеде Шығыс Қазақстан облысының велошабандоздары бірінші орынды жеңіп алды. Павлодарлықтар екінші орынды иеленсе, Солтүстік Қазақстан облысының командасы үшінші орынды еншіледі.

    Телжан Күдеров

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание