Жанкүйер пікірі

    • Filled in News in Kazakh 26 Июль 2011 в 1:49, author: Sake
    • Views: 4 138.

    Photos by Sirotti

    Жарыс та бітті, жанкүйер ретінде түйгенімді бөліссем деймін.

    1. Биылғы ТДФ та, осыған дейін болған Джиро да өте ауыр өтті. Көптеген белгілі шабантоздар жарақат алып, жарыстан шығып қалды. Кейбіреулері, өкінішке орай ішінде өзіміздің Вино да бар, спортпен мүлде қош айтысты. Джирода бельгиялық жас жігіт Вейланд қаза тапты. Менің ойымша, кәсіпқой велотурнирлер регламентіне ұйымдастырушылар белгіді бір өзгерістер енгізуі керек сияқты. Қауіпсіздік тарапынан көптеген шаралар алынуы керек. Жұртты қызықтырамын деп, велоспортты гладиаторлар шайқасына айналдыруға болмайды. Осы жылдың аяғына дейін біршама өзгеріс болуы керек.
    2. Грандтурлардың қиындап кеткені соншалық, ұлылыардың ұлысы да екі турнирді қатар жеңуге жағдайы жоқ. Оны Альберто Контадор мысалынан айқын көруге болады. Әншейінде шемішкедей шағатын тау жоталарына бұл жігіт ойқастап жалғыз шыға алмады.
    3. Көптен бері жолы болмай, алтын тұғырды айналшықтап жүрген Кадел Эванстың бұл жолы жұлдызы жанды. Алғашқы этаптардан бастап жеңіске деген жігері жағынан да, төккен тері жағынан да лайықты осы жігіт болатын. Ағайынды Шлектер екеулеп жүріп, көздеген межесіне жете алмады.
    4. Біз жанымыз ауырып, тілегін тілеген «Астананың» бұл турда жолы болмады. Біріншіден, Александр Винокуровтың жарақат алып, жарыстан шығып қалуы. Жарыстың екінші жартысының кейбір этаптарын қарап отырып, «шіркін, Вино болса ғой, қазір нар тәуекелге салып, суырылып алға тартар еді ғой, мына ит пен мысық ойнап, бірін бірі аңдыған топқа бір серпіліс әкелер еді  ау» деп ішіміз күйді.
    5. Екіншіден, бірнеше спортшыларымыз әр түрлі жарақаттар алып, толық қанды пәрмен көрсете алмады. Оның үстіне Роман Кройцигер Джиродан кейін едәуір шаршап қалғанын көрсетті.
    6. Үшіншіден. Ең айтуға қиыны осы үшіншісі. Мен маман емеспін, мамандарға сын айтудан аманмын, дей тұрғанмен көрініп тұрған ақиқатты айтпауға болмайды. Батыс менеджментінде «А» жоспары, «Б» жоспары деген түсінік бар. Сол «Б» жоспары біздің командада жоқ болып шықты. Өйтпегенде, Саша қатарда жүргенде ақ не жалпы санақта, не «тау санағында», не «жастар санағында», не «команда санағында» ыңғайлы плацдарм жасап, «Б» жоспарын жасап қояр едік ау. Қандай да болмасын этапты алу да мүмкін болмады. Жігіттер тырысып ақ бақты ау, бірақ олардың бұл міндетті орындауға маманданбағаны көрініп тұрды. «Астана» деген дардай атағымызға сай ма осы?
  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 7 комментариев

  • Quote

    жақсы сынама сөздер айтылып кетіпті

  • Quote
    Starlights United Kingdom on 26 Июль 2011, 14:20:

    Мақала үшін рахмет. Жарыстар шынымен де тіпті қауіпті болып кетті. Үйымдастырушылар жарыстарды қызығырақ жасаймыз, көбірек көрушілерді қызықтырамыз деп шектен тыс шықты деп ойлаймын. Канчеллара негізі дұрыс айтты, биылғы Тур де Франс шабандоздар үшін емес, көрушілер үшін өткені айқын байқалды.

  • Quote

    Велосипед қауымы осы мәселені көтермейінше қаунаулы қазақ солай қала береді..

  • Quote

    Негізі айтылатын сөз көп. Тағы бір өзекті мәселе — өз ішімізден үздіктер қатарына кіре алатын адамды дайындау. Осы жолы Винодан басқа 3 жігітіміз сапта болды. Соның ішінде Андрей Зейц біршама үміттендіріп тастады. 3-ші аптада шаршап қалғанына қарамастан, тиісті жүйелі дайындық болса, көп күндік додаларда төтеп бере алатын шебер болуға қабілеті бар. Өкінішке орай, басқа жігіттеріміздің веломамандығы бізге түсініксіздеу.
    Құрылады деп естіген континенттік «Астана» командасы бұл бағытта жақсы жұмыс істейді деп үміттенеміз.

  • Quote

    Тағы бір жанкүйерді толғандыратын мәселе — келесі маусымда командаға кім келеді. Сөз жоқ, «Астана» үшін жеңістен басқа нәтиже сәтсіздік болып саналады. Сондықтан команда басшылары белгілі саңлақтарды шақыратыны сөзсіз. Бір-екі рет Нибали, Скарпони, Жильберлерлердің есімі аталып қалды. Өз сапымызда жүрген Кройцигер мен Кесякоффтардың да үлкен жарыстарды жеңіп алатын қауқары бар. Жанкүйер риза болсын десеңіз, мақалада айтылған «Б» жоспары ғана емес, «С» жоспары да болуы керек қой. 😀

  • Quote

    Жәке нағыз команда жоспарына керекті мақсаттарды шегелеп те қойдыңыз. Стратег бапкерлеріміздің құлақтарына алтын сырға

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание