Хосеп көсіле ала ма?

    • Filled in News in Kazakh 28 Март 2010 в 2:21, author: Sake
    • Views: 1 329.

    Photo: © Roberto Bettini

    Пиреней түбегінде өтіп жатқан «Каталония туры» көпкүндігінде велошабандоздар төртінші кезеңді аяқтады. Қазақстандық «Астана» командасының атынан сынға түсіп жатқан саңлақтар топтан суырылып оза алмаса да, көшбасшылардың соңынан қалар емес.

    Бір қызығы, клуб басшылығы бұл турнирге әдетте «атқосшылардың» қызметін атқаратын спортшыларды қосыпты. Кім біледі, бәлкім, грегарилер де өз бетінше жеңіске талпынып көрсін деген болар. Әзірге жеңіске талпынушылардың қатарында Хосеп Хуфре, Оскар Перейро және Паоло Тиралонго ғана бар. Ал Андрей Зейтц, Александр Дьяченко, Сергей Ренев, Горазд Стангели, Хесус Эрандес сынды велошабандоздар әзірге артта келеді. Алда үш кезең қалды. Егер осы аралықта Хосеп Хуфре көсіле алса, үздік үштіктен көрініп қалуы ғажап емес. Ал қазір «Астананың» испандық саңлағы жалпы есепте 12-орында келеді.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание