WADA Контадордың аргументін жоққа шығарды

    • Filled in News in Kazakh 19 Ноябрь 2010 в 4:13, author: Sake
    • Views: 2 955.

    Халықаралық антидопингтік қауым­дастық (WADA) Альберто Контадордың аргументін жоққа шығарды. Нақтырақ айтсақ, аталмыш қауымдастықтың шығарған қорытындысы бойынша, «Тур де Франс» көпкүндігінің үш дүркін жеңімпазының бойынан кленбутеролдың табылуы ешқандай етке байланысты емес.
    Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінен кейін Альберто Контадордың ағзасынан рұқсат етілмеген дәрі табылып, ол бар кінәні бұзылған етке жапқан бо­латын. Дегенмен осыған байланысты WADA өзінше зерттеу жұмыстарын жүр­гізіп, бұл жерде еттің ешқандай кінәсі жоқтығын дәлелдеп берді. Қалай дейсіз ғой. WADA қызметкерлері алдымен Контадор сілтеген Испанияның солтүстік бөлігіндегі Irъn атты ет сататын дүкеннің еттерін зерттеген. Алайда ол жерде күдік туғызатындай еш нәрсе байқалмайды. Мұнымен де тоқтап қалмаған WADA-лықтар Irъn дүкеніне ет жеткізіп тұратын мал шаруашылығын да толық тексерген. Бірақ бұл жерден еш ілік таппады. Сөйтіп, өздері шығарған қорытындыны WADA Испания велоспорт федерациясы мен UCI-ге жіберді. Ал олардың қандай шара қолданатыны әлі белгісіз болып тұр.

    Бір анығы, Контадордың дауы бұрын­ғыдан бетер өршитін түрі бар. Ал спорт­сүйер қауымды бұған дейін бар кінәні етке артып жүрген испандық саңлақтың енді қандай аргумент, қандай сылтау айтатыны қызықтырып жүргені жасырын емес.

    Автор: Әзиз Жұмаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote

    Жігіттер! Менің бір түсінбейтін жерім бар. Егер тиым салынған препарат межелі мөлшерден 400 есе аз көлемде табылған болса сонша айқай шығарып не бар? Бұл Жол полициясы (ЖоПо деп қысқартса қызық естіледі екен) жүргізушіні сүйреп лабораторияға апарып, содан кейін алкогол 400 есе аз табылды, бірақ бәрібір сенің кінәң бар дегенге тең емес пе?

  • Quote

    ия айтпаңыз Жәке! менде сол Батыстық инфо каналдарын түсінбеймін. болмайтын нәрсеге дау шығаратын БАҚқа да керегі сол ғой..

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание