«Вуэльтаның» 6-шы кезеңі аяқталды

    • Filled in News in Kazakh 3 Сентябрь 2010 в 6:08, author: Sake
    • Views: 2 546.

    «Вуэльта» көпкүндігінің 6-шы кезеңінде «Астана» шабандозы Аллан Дэвис кезең жеңімпаздығына бір табан жақын болды. 151 шақырым қашықтықты ол төртінші болып бағындырды. Ал мәре сызығын бірінші болып норвегиялық Тор Хушовд қиды. Осы жолы велосипедіне қамшы салған Асан Базаев 11-ші, Дмитрий Фофонов 15-ші орынан көрінді. Жалпы есепте француз шабандозы Филипп Жильбер көш басында. Қазақстандықтардан Александр Дьяченко 28-ші сатыда тұр.

     Қайрат Келімбетов - ҚР велоспорт федерациясының президенті

    ««Еуроспорт» әлем чемпионатын, олимпиада ойындарын, еуро біріншіліктерді көрсетеді. Азия ойындарын көбінесе сары құрлықта орналасқан ірі-ірі елдер таратады. Айталық, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты мемлекеттер. Ал Қазақстан дүбірлі доданы бірінші рет өткізгелі отыр. Соған қарамастан біз еуропалық әріптестерімізге Азиаданың қызықты тұстарын трансляциялауды өтінгелі отырмыз».

     Тағы бір жаңалық. «Астана» велоклубы жақын арада Люксембург шабандозы Энди Шлекпен келісім жасауды жоспарлап отыр. Белді спортшы «Астана» жейдесін киетін болса, командаға үлкен серпін берері сөзсіз.

    Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание