Вуэльтаға «турист» ретінде барамыз ба?

    • Filled in News in Kazakh 20 Август 2010 в 7:18, author: Sake
    • Views: 1 833.
    Оскар Перейродан пайда жоқ

    Оскар Перейродан пайда жоқ

    Енді бір аптадан кейін Пиреней түбегінде «Вуэльта» көпкүндігі басталады. Дегенмен мәртебесі жөнінен үшінші орында тұрған велотурнирге, өкінішке қарай, «Астана» командасы тек «турист» ретінде қатысатын сияқты. Келіспейсіздер ме? Қазір көздеріңіз жетеді.

    Біздің бұлай деп ой кесіп отырғанымызға «Астананың» «Вуэльтаға» қатысатын құрамы себеп болып отыр. Ұйымдастырушылар таратқан мәліметке сүйенсек, «Астана» Испанияға Альберто Контадор, Александр Винокуровсыз аттанады. Дегенмен бұлардың орнын Оскар Перейро басып, «Вуэльтада» капитандық міндет атқаруы тиіс болатын. Бірақ испандық велошабандоз бүгінде жарақатын емдеуде. Өзінің жазуынша, тіпті есікті әзер ашатын күйде секілді.

    – «Вуэльтаға» қатыса алмаймын. Себебі велосипедтің рулін ұстағаным былай тұрсын, есіктің өзін әрең ашып жүрмін. Оң қолым қатты ауырады. Мүмкіндік берер емес. Әлбетте, өзім осы көпкүндікке қатысып, әлемнің белді велошабандоздарына бәсекелес болайын деп едім, әттең, жарақатымнан айығып үлгермедім, – деп, Перейро шетелдік баспасөз өкілдеріне сұхбат беріпті. Айта кетейік, бұл – Перейроның ескі жарақаты. 2008 жылы көпкүндіктердің бірінде оңбай құлаған Перейро оң қолын қатты жарақаттап алған болатын. Бүгінде сол жарақаты қайтадан дендей бастапты. Тіпті велосипедті бір қолмен жүргізетін халге дейін жеткен. Бір сөзбен айтқанда, 33 жастағы Оскар Перейроның спорттық ғұмыры осымен аяқталған секілді. Ал «Астана» басшылығы бұл велошабандозбен келісімшартқа отыру арқылы кезінде өрескел қателікке ұрынғаны айтпаса да түсінікті болар. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Оскар Перейро «Астананың» спорттық директоры болуға талпынып жүрген көрінеді.

    Әй, қайдам, велошабандоз ретінде «Астананы» өрге сүйрей алмаған испандық спорт директоры ретінде де пайдасын тигізе алмайды-ау.

    Сонымен «Вуэльта» көпкүндігіне қайта оралсақ. Шыны керек, Перейро жарақатынан сау болған күннің өзінде де басқа саңлақтарға қарсылық таныта алмас еді. Себебі, шыны керек, испандық велошабандоздың биылғы турнирлерде көсіле шапқанын әлі көрмеппіз. Ылғи жарақатын емдеумен немесе құр уәде берумен жанкүйерлерді мезі етіп келеді. Оның үстіне, басқа командалардың сапына көз жүгіртіп көріңізші. «Саксо банк» «Вуэльтаға» Энди Шлек, Фабиано Канчеллара сынды саңлақтарын қоспақ. «Рабобанк» Денис Меньшов пен Хуан Мануэль Гаратеге сенім артпақ. «Лигвигаз» Винченцо Нибали мен Роман Кройцигерге сенеді. «Коламбия» командасы Марк Кавендиш пен Марко Пиноттиді жарысқа қосса, Ресейдің «Катюшасын» Хоакин Родригес пен Александр Колобнев алға сүйрейтін болады. Иә, көпкүндіктің бас жүлдесін сарапқа салар саңлақтар да осылар болатын сияқты. Ал «Астана» сапынан, өкінішке қарай, бұларға бәсекелес атана алатын лайықты капитанды таба алмай отырмыз. Әлбетте, Энрико Гаспаротто немесе Дмитрий Фофонов бұл жауапты міндетті өздеріне алуы мүмкін. Бірақ Энди Шлек, Денис Меньшов, Карлос Састре сынды сайыпқырандар тұрғанда, Фофонов пен Гаспороттодан үміт күту әбестік болар. Одан гөрі Альберто Контадордың айналасына жедел команда жасақтап, «Тур де Франс» жеңімпазын «Вуэльтаға» жіберген жөн болар. Ақыры «Астанадан» кетеді екен, ең болмаса, абыроймен кетіп, келісімшартын толығымен ақтасын. Әйтпесе қазіргі құраммен Пиреней түбегінде жай ғана статистердің қатарын толықтырып қалатын түріміз бар.

    «Вуэльтаға» қатысатын «Астананың» құрамы:

    Асан Базаев, Александр Дьяченко, Дмитрий Фофонов, Андрей Зейтц, Валентин Иглинский (бәрі де – Қазақстан), Алан Дэвис (Австралия), Энрико Гаспаротто (Италия) және Хосеп Хуфре (Испания).

    «Вуэльта» велокөпкүндігі

    • «Вуэльта» көпкүндігі 1935 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Биыл 64-рет байрағын көтереді.

    • «Вуэльтада» қазақстандық «Астана» екі мәрте жеңіске жеткен. 2006 жылы жерлесіміз Александр Винокуров топ жарса, 2008 жылы Альберто Контадор алдына жан салған жоқ.

    • Биыл «Вуэльта» көпкүндігі тамыздың 28-інде Испанияның Севилья қаласынан басталып, 19 қыркүйекте Мадридте мәреге жетеді.

    • Көпкүндікке биыл 22 команда қатыспақ.

    • 21 кезеңнен тұратын турнирде спортшылар 3349,6 шақырымдық жолды басып өтеді.

    • Ең ұзақ кезең – 208, ең қысқа кезең 16,5 шақырымнан тұрады.

    Автор: Әзиз Жұмаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 6 комментариев

  • Quote

    Неге турист ретінде? Жалпы есепте таласа алмасақта спринтерлерге үміт артамыз.Алан Дэвис этап алмасада жақсы натиже көрсетіп спринтерлік майканы алды(Польшада).Eneco Tour-да жаксы келе жатыр. Асанға қатты үміт артамын.Барынша жанкүйер боламын.Вуэльтада өзін жаксы көрсетсе екен деп тілеймін.

  • Quote

    асан тауларда шыда алмайды және жеке жарыста жақсы көрсеткішке ие болған емес

  • Quote
    azekeprofit Kazakhstan on 25 Август 2010, 11:05:

    Ол баяғыдан анық болды қой. Вуэльтаға генерал үшiн адам жетпей қалмапты.

    Сол айтқанымен — көпкүндікте генералға қарамайда басқа табысты iздеуге болады.

  • Quote

    білгендей Алан Энеко турынан шығып қалды…енді сонда кімге иек артамыз?!

  • Quote

    Генералда болмаса да жекелеген этаптарда мумкиндик бар гой.Бирак Вино барганда болатын еди.

  • Quote

    Вино Джиро мен Тур дан кейін шаршады, оныда түсінегу болады. сәл үзілістен соң Азия чемпионатына аттанады.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание