«Вуэльта» веложарысының 11 кезеңі

    • Filled in News in Kazakh 10 Сентябрь 2010 в 10:31, author: Sake
    • Views: 2 087.

    Вуэльтаның 11-шы кезеңінде жеңіс тұғырының барлық сатысын жарыс иелері, яғни испандықтар толтырды. Ең биігіне Игор Антон орналасты. Сол арқылы «Эускалтел Эускади» велошабандозы қызыл жейдені өзіне қайтарды. «Астана» сапында өнер көрсететін Хосеп Хуфре 208 жарым шақырымдық межені 22-ші орында бағындырды. Жеңімпаздан 1 минут 40 секундқа кешікті. Жалпы есепте Қазақстан командасы қатарынан көшбасшыға Александр Дьяченко жақын. Ол бес сатыға төмен түсіп, 29-шы орынға табан тіреді. Асан Базаев 75-ші. Ал Валентин Иглинский 174-ші тұғырда. Ол Игор Антоннан 2 сағат 23 минут 14 секундқа артта келеді.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ҚазТРК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание