«Вуэльта 2010»

    • Filled in News in Kazakh 1 Сентябрь 2010 в 3:50, author: Sake
    • Views: 2 628.
     

    Филипп Жильбер испан жеріндегі «Вуэльта» велобәйгесінде жалпы есептегі көш басындағы орнын сақтап қалды. Төртінші кезеңде бельгиялық шабандоз жеңімпаз болған Игор Антонға бес секунд есе жіберіп алып, мәре сызығын бесінші болып қиды. Итальяндық Винченцо Нибали мен словен спортшысы Петер Велитц үздік үштіктен көріне білді. Ал «Астана» командасынан 184 шақырымды құраған жолды бірінші болып Александр Дьяченко бағындырды. Ол 23-ші нәтижені көрсетті. «Lampre»-нің намысын қорғап жүрген отандасымыз Андрей Кашечкин кезеңді 33-ші орынмен аяқтады. Жалпы есепте Кашечкин 26-шы, ал Дьяченко 29-шы сатыда келеді.

    Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание