Винокуровтың шамасын бүгін байқаймыз

    • Filled in News in Kazakh 10 Февраль 2010 в 9:32, author: Sake
    • Views: 2 061.

    Бүгін «Астана» велоклубы Франция жерінде өтетін «Жерорта теңізі» көпкүндігіне қатысады. Ақпанның 10-ы мен 14-і аралығында өтетін бұл турнирге биыл алғаш рет «Астана» велоклубының көшбасшыларының бірі Александр Винокуров та қатысады.

    Алайда бұл көпкүндікте «Астана» командасының көшбасшысы Александр Винокуров емес, тағы бір жерлесіміз Максим Иглинский болатын сияқты. Екі қолының жеңін түріп тастаған Максим «қорытынды есепте бірінші орыннан көрінемін» деп желпініп отыр.

    Айта кетейік, бұл көпкүндікке «Астанадан» бөлек тағы 16 команда қатысады. Олардың арасында өткен жылғы рейтингтің қорытындысы бойынша, екінші орыннан көрінген Испанияның «Caisse D’epargne» командасы да бар. Бұл команданың атынан жарысқа Алехандро Вальверде де шығады. Ал «Жерорта теңізі» турнирінде «астаналықтардың намысын мына саңлақтар қорғайды:

    Александр Винокуров, Асан Базаев, Максим Иглинский, Дмитрий Фофонов (бәрі де – Қазақстан), Аллан Дэвис (Австралия), Энрико Гаспоротто, Мирко Сельваджи (екеуі де – Италия) және Горазд Стангели (Словения).

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы газеті

    www.alashainasy.kz

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание