Винокуров сұрақтарға жауап берді

    • Filled in News in Kazakh 10 Февраль 2010 в 9:29, author: Splean
    • Views: 1 756.

    «Жерорта теңізі туры» - ның  алдында Александр Винокуров біздің корреспондентіміздің сұрақтарына жауап берді:

    Саша, бәйгеге қашан аттанасын?

    Ертең. Бәйге Каркассонда басталады, Ниццадан 500 км жерде.

    Бұл қандай бәйге?

    10 жыл белгілі бәйге болған, бүгін беделі түсіп қалған. Этаптары шағын, бір тау мәресі бар.  Мен  Mont-faron-да екі рет жеңдім, бірақ бұл Париж-Ницца бәйгесінде болды. Сенбіде соңғы мэресі болады, тап біздің қасымызда. Максим Иглинский жеңіске бар күшін салатынын айтты.

    Жарысқа қандай жоспарың бар? Жағдайың қалай?

    Жағдайым жақсы, бірақ жеңісті күту әлі ерте. Жоспарым: бәйгенің екпінін сезу, Иглинскийге этапты алуға көмектесем.

    Осы сен бәйгені сен алғың келеді деп ойладық.  Осы өңірді бес саусақтай білесің-ғой.

    Менің білетінім аз емес. Барлығына жармасу керек па?  Алдыма қойылған мақсаттарым мен міндеттерім бар, соған дайындалам.

    Жаңа униформа ұнады ма саған? Сапасы, дизайны қалай?

    Сөз жоқ. Өте ұнады, бірақ тез бүлінеді екен. (Асан Базаев: Кірін жуу қиынға түседі) ).

    Жаңа «Спешл» велосипедің жайлы не айтасын? «Трек»-тен жақсы ма?

    Жақсы велосипедтер. Өз дара данам ескі «Трек»-тен күшті.

    Презентация кезінде сенен велосипедті бір саусақпен көтеруді өтінді. Сондай жеңіл ме?

    Әрине жеңіл! 6-6,5 кг  ..... әлде саусағым сондай мықты ма?)

    Сергей Яковлевты презентацияда көргеніміз қуантты, ол жайлы бұрыннан хабар болған жоқ. Қазір немен айналысады?

    Сергей жарымен бірге жылжымайтын мүлік агенттігін ашты. Жайлап жұмыс жасайды.

    «Астана»-ға шақырылғанын естідік.

    Иә,  мүмкіндігімізше қатыстыруға тырысамыз.

    Фотода жиірек екеуіңіз. Көршің болғасын ба?

    Досым-ғой! Ондай дос қазір аз кездеседі.

    Мирко Сельваджиды «Астана»-ға кім шақырды?

    Мартинелли. Бельгия үшін жақсы шабандоз дейді. Көрерміз.

    Жарыстан кейін жоспарларың бар ма?

    Тауларда жаттығам, Тенерифке барам (вулкан, биіктігі 2200 метр).  2003 жылдан бастап әрдайым барып жүрем. Ақпанның 19-нан наурыздың 3-не дейін сонда болам.

    Кіммен барасын? Альберто бола ма?

    Қазақстандықтар мен Гаспаротто, 8 адам. Контадор болмайды, жарысы бар, биіктіктерді де жақтырмайды.

    Саша,  өкінішке орай «Жерорт теңізі турын» «Евроспорттан» көрсетпейді. Шамаң келгенше бізге хабар мен фото жіберіп отыр.

    Жағдай болған кезде информация жіберіп тұрам.

    Оригиналдық мақала: http://astanafans.com

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 11 Февраль 2010, 10:28:

    күшті екен, әрине толықтыратын нәрселер бар! Бірақ бастама тамаша басталып жатыр!

    осылай ұйымшылдықпен мақалаларды қазақ тілінде аударып жариялап тұрсақ тіліміздің
    мәртебесіне де сұраныс көп болатынын байқаймыз!

  • Quote
    uteyevnurbolat France on 11 Февраль 2010, 10:34:

    oooooo!!! keremet!!!!!

  • Quote

    Өте жақсы!!!!!!!! Винокуровтың бастамасынан жақсылық күтемін!

  • Quote

    Сөзбе-сөз тәржімаланган екен. Жаман емес. Жарайсың!!! Еңбегіңе көп рахмет!!!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание