Винокуров «Джиро д’Италия» жарысында команданы бастайды

    • Filled in News in Kazakh 30 Апрель 2010 в 12:01, author: Sake
    • Views: 2 103.

    Мамырдың 8 күні жалауын көтеретін «Джиро д’Италия» көпкүндігіне «Астана» командасын Александр Винокуров бастап барады. Команда капитаны өткен аптада екі бірдей велобәйгені жеңіп алғаннан-ақ спорттық қалпының жақсы екендігін дәлелдеді. Енді алдағы бәсекеде спортшының көш бастау мақсаты бар. Италия жеріндегі додаға «Астана» командасы жергілікті шабандоз Энрико Гаспаротто мен украиналық Андрей Гривконы да қоспақ. «Джиро д'Италия» Винокуров үшін осы маусымдағы жалғыз жарыс емес. Шілде айында болатын әйгілі «Тур де Франс» бәсекесі бар. Сол додада Вино, Альберто Контадорға дем беретін бірден бір шабандоз болмақ. Айтпақшы, 2007-ші жылғы допинг дау-дамайынан кейін Винокуров Тур де Франсқа алғаш рет қатысады. Ал «Джиро д'Италия» көпкүндігіне «Астана» сапынан тоғыз спортшы барады. 

    Жомарт Рахымжан

     7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание