Винокуровтың орнын Зейтц баса ала ма?

    • Filled in News in Kazakh 20 Июль 2011 в 12:59, author: Sake
    • Views: 3 523.

    Команда капитаны Александр Винокуров саптан шығып қалғалы бері «Астана» жігіттерінің «Тур де Франстағы» шабысы оңар емес. «Ең болмаса, бір кезеңді жеңсек» деген үміт шоғы да күлге айналып бара жатқандай.


    Мәртебелі көпкүндіктің аяқталуына небәрі 7-ақ кезең қалды. Яғни енді бірер күннен кейін биылғы жарыстың жеңімпа­зын білетін боламыз. Әзірге көш басында француз Томас Вооклер келеді. Шынын айтсақ, турнирдің басында сары жейдені киген Вооклерден мұндай ерлікті күтпеген едік. Ары кетсе, 14-турға дейін ғана көш­бас­шы жейдесін киіп жүреді деп ойлаған­быз. Өйткені ең қиыны сол 14-кезең еді. Тау-тасы көп, жолдың жартысы өрге өрме­леу­ден құралған 14-кезеңде, мамандардың пікірінше, Вооклер жарты жолда-ақ болдырып қалуы тиіс болатын. Бірақ өзін-өзі қайрай білген француз көшбасшылық та­ғынан тайған жоқ. Қуғыншыларын да жақындата қоймады. Әзірге Вооклер қазіргі таңдағы басты бәсекелесі Фрэнк Шлектен 1 минут 49 секундқа алда келеді. Үздік үштікті Кадель Эванс қорытындыласа, одан кейінгі орындарға Энди Шлек, Иван Бассо, Самуэль Санчес, Альберто Контадор, Дамьяно Кунего сынды саңлақтар орналасқан. Ал «Астана» сапынан ең үздік көрсеткішке отандасымыз Андрей Зейтц ие. Жалпы, 37-орында келе жатқан Андрейдің «Астана» сапындағы ең жас спортшы екенін де атап өткен жөн. Бәлкім, Винокуровтың орнын Зейтц басар...

    Ал 15-кезеңдік жарыста британ спринтері Марк Кавендиш ешкімге дес берген жоқ. Бұл – оның биылғы Франция вело­бәй­гесіндегі төртінші жеңісі. «Астана» сапынан Томас Вайткустың көрсеткіші үздік деп тіркел­ді. Латвиялық легионер 15-інші кезең­де мәреге 15-інші болып жетті.

    Автор: Арсен Жанаділ, Алаш айнасы

    Аламан ұлттық спорт порталы

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote

    Кейбір мамандармен сөйлескенде, шет елдік командаларда болған біршама қазақстандық жігітерді «грегари» қыламыз деп, лидерлік, үлкен жарыстарда жалпы жүлдеге таласу қабілетінен айырды деген пікір айтады. Егер сол қалпымен кетсе, Андрей де үлкен деңгейге жетпей қалады-ау деп қауіптенеді. Бұл үшін оған көбірек сенім артып, команда болып қолдау көрсетіп, жауапкершілік жүктеу керек сияқты.

  • Quote

    Бүгінгі этап Зейц туралы әңгіме айтудың әлі ерте екенін көрсетті.

  • Quote

    sake bul zeits emes mizourovtyn sureti 😀

  • Quote

    sake keshiresiz birak surette turgan zeits emes, mizurov

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание