Винокуров жоқ, Кашечкин бар

    • Filled in News in Kazakh 10 Ноябрь 2010 в 5:27, author: Sake
    • Views: 2 828.

     «Бәрін айт та, бірін айт», бәрінен де Қытайда өтетін XVI жазғы Азия ойындарына қатысатын велошабандоздар құрамын айт...

    Қызық. Тас жолдағы веложарысқа қаты­сатын құрамда не Александр Вино­куров, не Асан Базаев жоқ. Ал Андрей Кашечкин велотрекшілер арасындағы командалық бәйгеге қатысады. Рас, оған велотрек жарыстары таңсық емес. Ол бәрін де велотректен бастаған. Әйтсе де... Берік Көпешев те солай.

    Жақында ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Гуанжоуға баратын Қазақстан делегациясының құ­рамын бекітті. Енді сол тізімдегі тас жолдағы веложарысқа және велотрекшілер бәйгесіне қатысатын дүлдүлдерімізге назар аударайық:

    Веложарыс:

    1. Андрей Мизуров – жеке жарыс;

    2. Максим Иглинский – аламан бәйге;

    3. Валентин Иглинский – аламан бәйге;

    4. Наталья Стефанская – аламан бәйге.

    Велотрек:

    1. Андрей Кашечкин – жекелей сын, командалық сын;

    2. Алексей Лялько – командалық сын, топ бәйге;

    3. Берік Көпешев – жекелей сын, командалық сын;

    4. Сергей Кузин – командалық сын, топ бәйге;

    5. Евгений Сладков – топ бәйге;

    6. Елена Антонова – жекелей сын, ко­мандалық сын, пурсют.

    Автор: Айқын Жаппар

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание