Вино UCI-дің алдында кешірім сұрай ма?

    • Filled in News in Kazakh 27 Октябрь 2009 в 10:26, author: Sake
    • Views: 2 114.

    Бұл күндері Александр Винокуров Қазақстанда жүр. Бірақ 27 қазанда қайтадан Францияға ұшып кетеді. Өйткені 30 қазанда Саня UCI-дің алдында допинг «қолданғаны» үшін ресми түрде кешірім сұрауы тиіс.

    Содан кейін ғана UCI басшыларының жаны тыныш табады.

    – Өмір осымен тоқтап қалмайды ғой. Дегенмен өзім істемеген нәрсеге кешірім сұрау қиын екен. Амал жоқ, UCI-дің талабына бағынуға тура келеді, – деді бұл туралы Александр Винокуров. Ал Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин бұл туралы былай дейді:
    – Иә, Саняға UCI-дің алдында кешірім сұрауға тура келеді. «Допинг қолданбағанымды білесіздер. Істемеген нәрсеме не үшін кешірім сұрауым керек?» деген екен. «Сонда да кешірім сұрайсың, егер спорттық ғұмырыңды жалғастырғың келсе!» – деп кесіп айтыпты UCI басшылары.

     Иә, бұл дегеніміз, Винокуров допинг қолданбаса да, «тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданғаным үшін кешіріңіздер», – деп басын төмен салбыратады деген сөз. Қайтеміз, UCI осындай талап қойып отыр. Ал олардан асып ешқайда кете алмаймыз. Әттеген-айы: мәселенің байыбына бара бермейтін шетелдік БАҚ «Винокуров өзінің допинг қолданғанын мойындады», – деп әлемге жар салатын болды-ау!

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание