Вино 6-шы сатыда

    • Filled in News in Kazakh 3 Август 2010 в 12:25, author: Sake
    • Views: 3 725.

    Бүкіләлемдік велоспорт федерациясының жаңа жариялаған рейтингі бойынша жеке есепте “Тур де Франс” көпкүндігінің үш дүркін чемпионы испандық Альберто Контадор алдына жан салар емес.

    1d

    “Астана” капитанының еншісінде қазір 482 ұпайы бар. Екінші орында Контадордың отандасы Хоакин Родригес тұр. Ал, отандық велоспорттың қөшбасшысы Александр Винокуров жек көрсеткішін едәуір жақсартып, 283 ұпаймен әзірге 6-шы сатыға көтерілді.

    Командалар бәсекесінде 944 ұпаймен “Астана” велоклубы бұрынғысынша жеке-дара алда тұр. Екінші-үшінші орындарды Люксембургтік “Саксобанк” пен ресейлік “Катюша” өзара бөлісуде. Ал, Альберто Контадордың тамаша жетістігінің арқасында Испания- велошабандоздары ең мықты мемлекет атанып отыр. Екінші орында Италия тұрса, Бельгия үздік үштікті түйіндеуде. Александр Винокуровтай көшбасшысы бар Қазақстан әзірге 7 орынға орнықты.

    Бақтияр Әсіренкеев

    Alaman Aqparat

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание