Велосипед ершігіне қазақ балалары да отыра бастады

    • Filled in News in Kazakh 22 Июль 2011 в 1:15, author: Sake
    • Views: 2 573.

    Бұл күндері Астанада велоспорттан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде. Спорттың осы түрін жеткіншектер арасында кеңінен дамытуға бағытталған турнирде еліміздің тоғыз аймағынан келген 17 команданың намысын қорғайтын  100-ден аса велошабандоз бақ сынауда.
    Балғын велошабандоздар алғашқы кезеңде жекелей қашықтықта сынға түссе, артынша  34 шақырымдық топтық жарыста өзара мықтыны анықтады. Жекелей сында алматылық Әлішер Жұмахан турнир жеңім­пазы атанды. Ал екінші кезең жеңімпазы болып, 34 шақырымдық қашықтықты 50 минут 31 секундта жүріп өткен Солтүстік Қазақстан облысының өрені Арман Тұрлин бірінші орынға ие болса, қарағандылық Сергей Шатовкин күміс жүлдемен күптелді. Ал осы турнирдің жекелей сынында топ жар­ған алматылық Әлішер Жұмахан бұл жолы жүлделі үшінші орыннан көрінді. Үз­діктер енді тамыз айында Көкшетау қала­сында өтетін Қазақстан чемпионатында бақтарын сынайды.

    Автор: Телжан Күдеров

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание