Велошабандоздар бәсекесі

    • Filled in News in Kazakh 30 Июнь 2009 в 7:21, author: Sake
    • Views: 2 891.

    Қарағандыда велоспорттан Қазақстан біріншілігі басталды. Еліміздің әр аймағынан жиналған он екі командамен жалпы саны сексен спортшы ел чемпиондарын анықтайды.

    Бұл жолғы бәсекеге Қазақстанның үздік велошабандоздары Максим Иглинский, Асан Базаев және Андрей Мизуров қатысуда. Кеше тасжолға алдымен ерлер шықты. Қырық шақырымға созылған жекелей сында жиырма велошабандоз қатысты. Өткен жылғы чемпионаттың жеңімпазы жергілікті спортшы Андрей Мизуров соң болып жарыс жолына шыққанымен, жекелей сында алдына жан салмады. Екінші орынға Солтүстік қазақстандық Роман Киреев ие болса, қерекулік Андрей Зейц үздік үштіктен орын алды. Жиырма шақырымға созылған әйелдер арасындағы жекелей жарыста Шығыс Қазақстан облысынан келген Мария Слакатович ең үздік уақыт көрсетсе, алматылық Мария Андрейченко мен Солтүстік Қазақстан спортшысы Наталья Стефанская жүлделі орындарды бөлісті. Турнир қорытындысы бойынша құрама команда жасақталып, жеңімпаздар халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

    ЕЛ

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание