ВелоҚазақстан?!

    • Filled in News in Kazakh 4 Март 2010 в 10:57, author: Sake
    • Views: 1 500.

    Қазақстан велоспорты десе «Астана» командасын атай аламыз. Өкінішке қарай, әлемдік додаларда «Астана» атауымен өнер көрсетіп жүрген бұл ұжымды «өзіміздікі» деп еншілеу де қиынға соғады. Әлемдік велоспорттың дүлдүлдерін қатарына жинаған көк формалы команданың қатарына қазақтың қара көздері қашан қосылады деп елеңдеудеміз. Бас қаламыз Астанада осы мақсатты бағыттаған орталық пен мамандар бар екен. Олимпиадалық Резерв Мектебінің директоры Бектұрғанов Ербол Мусурманұлы сол мамандардың бірі. Қазақстан велоспортын дамыту жолында атқарылған іс пен алға қойылған жоспарлармен дәл осы Ербол Мусурманұлының сөзінен таныс болыңыздар.

    - Мектебіңіз жайында айтып берсеңіз.

    - Біздің велоспорт мектебі 2002 жылдың 3-ші наурызынан бері 10-12 жас шамасындағы балаларды қабылдап, бүгінді күнде 425 спортшыны даярлауда. 3 жаттығу базамыз бар. Жалпы штатта 11 бапкер, олардың ішінен ҚР еңбегі сіңген бапкер В.А.Березин, КСРО спорт шебері, қаламыздың бас бапкері А.Качетков, жасөспірім буынының бас бапкері В.Р.Риве, В.А.Золевский, жас бапкер С.В.Кузнецованы ерекше атап өткім келеді.

    - Қаламызда велоспортты дамытудағы басты мәселелерді айтып өтсеңіз.

    - Бүгінгі күнде орын алып отырған басты мәселе жаттығу базалары болып табылады. Федерация мен әкімшілік тарапынан қолдау көрсетілуде. Алайда базаларды ұйымдастыру мен оларды қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету үлкен қаржылық шығындарды қажет етеді. Бірақ қиыншылықтарға қарамастан спортшыларымыз өте жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр.

    - Өткен жылда түлектеріңіздің халықаралық жарыстарда жетісістіктері қандай болды?

    - 2009 жылы Индонезияның Танггаронг қаласында өткізілген Азия Чемпионатында ересектер арасында В.Иглинский шосседе ІІІ орынға қол жеткізсе, жасөспірімдер арасында А.Камышев топтық жарыста І орынды, А.Захаров тректе ІІІ орынды иеленген болатын. Ал Қазақстан рейтингі бойынша, міне, осымен үшінші жыл қатарынан бірінші орындамыз.

    - Алдағы уақытқа шәкірттеріңізге қандай мақсаттар қойдыңыз?

    - Сингапурде өтетін І Жастар Олимпиадалық ойындарына қатысуға үміткер Т.Айтжанов, И.Давиденко, Р.Лущенко жас велошабандоздарымызға үміт артып отырмыз. Араб Әмірліктерінде өтетін Азия Чемпионатында өнер көрсетулеріне байланысты Оимпиада Ойындарына қатысушылар анықталады.

    - Мектебіңізге сәттілік пен айтулы жеңістер тілейміз!

    Дастан РҮСТЕМ 

    Ел спорты

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание