«Тур де Франстың» жаңа бағыты бекітілді

    • Filled in News in Kazakh 16 Октябрь 2009 в 11:05, author: Sake
    • Views: 2 774.

    Осы аптаның ортасында 2010 жылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің бағыты жарияланып, бұл бағыттың тұсауы салтанатты кеште кесілді.

    Бұл салтанатты жиынға Альберто Контадор, Лэнс Армстронг және Йохан Брунель қатысты. Үшеуі де 2009 жылғы «Тур де Франс» көпкүндігінде жеңіске жеткен «Астана» клубының өкілдері ретінде қатысты.

    Бір қызығы, «Тур де Франс» көпкүндігінің келесі жылғы бағыты өзгерген. Онда әр команда жарыс жолына бөлек-бөлек жіберілетін жеке жарыс жоқ. Алынып тасталды. Альберто Контадор: «жаңа бағыт таулы-қыратты жерлердегі бәйгелерге машықтанған велоспортшылар үшін өте қолайлы. Яғни бұл бағыт менің көңілімнен шығады», — деді.
    Жалпы, 2010 жылғы «Тур де Франс» көпкүндігі 3 шілде күні Роттердамнан «арна» тартып, 25 шілде күні Парижде тігілген көмбесіне жетеді.

    Дархан Өмірзақ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание