«Тур де Франс» көпкүндігінде қатысатын «Астана» велошабандоздар тізімі жарияланды

    • Filled in News in Kazakh 7 Май 2010 в 11:57, author: Sake
    • Views: 1 842.

    Шілденің 3-де велоспорттан әйгілі «Тур де Франс-2010» көпкүндігі басталады. Оған команда капитаны испаниялық Альберто Контадор бастаған әлемдегі үздік велоклубтардың бірі - «Астана» қатысады.

    «Біздің спорт» сайтының мәліметінше,  Қазақстан велоспорт федерациясының Бас хатшысы Валентин Рехерт «Тур де Франс» көпкүндігінде «Астана» командасының намысын қорғайтын велошабандоздардың тізімін жариялады. Олар мыналар: Александр Винокуров, Дмитрий Фофонов, Максим Иглинский, Андрей Зейц (барлығы Қазақстаннан), Оскар Перейро, Даниэль Наварро, Бенджамин Новаль, Хесус Эрнандес, Давид де ла Фуэнте, Хосеп Хуфре (барлығы Испаниядан) және Андрей Гривко (Украинадан).

     Айта кетейік, - «Астана» командасының капитаны Альберто   Контадор    «Тур де  Франс-2009»  көпкүндігінің жалпы есепте жеңімпазы атанды. Контадор     жарысты  85  сағат  48 минут 35 секундпен аяқтап,     басты қарсыласы люксембургтық   Энди Шлектен   4 минут  11 секундқа,  ал өзінің сол кездегі  командалас  серігі,   «Тур де Франстың»  жеті  дүркін жеңімпазы - Лэнс Армстронгтан 5 минут 24 секундқа   озып кеткен болатын.

    Ернұр Ақанбай

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание