«Тур де Франс» бәсекесі, 5 кезең

    • Filled in News in Kazakh 9 Июль 2010 в 10:13, author: Sake
    • Views: 2 700.

    Ал «Астана» командасы «Тур де Франс» бәсекесінде топ жару үшін тер төгуде. Велобәйгенің бесінші кезеңі спортшылардың жалпы есептегі орындарына өзгеріс әкелмеді. 188 шақырымдық жолды британдық Марк Кавендиш бірінші болып бағындырды. Кезең жеңімпазының уақытын «Астана» командасының бес бірдей шабандозы көрсете білді. Оның ішінде Альберто Контадор мен Александр Винокуров та бар. Әзірге жалпы есепте Вино 8-ші, ал Контадор 9-шы келеді. Енді алтыншы кезеңде спортшылар 228 шақырым жолды жүріп өтпек. Алда әлі таулы кезеңдер болады. Мамандар Контадар сол кезде өзінің нағыз мүмкіндіктерін көрсетеді деп отыр.

    Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание