ТҮРКИЯ ТУРЫ. БІРІНШІ КЕЗЕҢ. МИНАЛИ АЛТЫНШЫ КЕЛДІ

    • Filled in News in Kazakh 11 Октябрь 2017 в 12:21, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 3 352.

    Астана Тур Турция

    Түркия туры: "Астаналық" велошабандоз алғашқы кезеңде алтыншы болып келді Бүгін, 10 қазанда Түркияның Алания қаласында "Түркия туры" велокөпкүндігі басталды. "Астана" сапында ең жақсы нәтижені Роберто Миналли көрсетті. Ол мәре сызығын алтыншы болып кесті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    Биылғы әлемдік турдың алғашқы кезеңі Анталияның шығысында орналасқан Алания қаласында басталды. Бұл кезеңде велошабандоздар Кемерге қаласына дейінгі 177 шақырымды басып өтті. Жергілікті уақытпен 12:25-те сөреден шыққан пелатоннан Түркия құрамасы сапындағы Онур Балкан мен Батухан Озгур және Алекс Туррин (Wilier Triestina), Флавио Сантос (Soul Brasil) алға суырылып шықты. Бұл төрттікке көп ұзамай Винчензо Альбанес пен Саймор Стербини дуэті қосылды. 20 шақырымнан соң алтылық пелетоннан 4:08 уақыт айырмасымен алда келе жатты. Оларды Gazprom Rusvelo, Bora Hansgrohe, Trek Segafredo командалары қуып жетті. Осы сәтте мәреге бір сағат қалғанда пелатон мен көш басындағы шабандоздар арасындағы уақыт айырмасы 1 минут 15 секундқа қысқарды. Мәреге 200 метр қалғанда велошабандоздар қақтығысып, "Астана" шабандозы Йеспер Хансен де құлады. Осы қақтығыстан сытылып шыққан 20 қатысушының арасынан Сэм Беннет (Bora-Hansgrohe) бірінші болып мәре сызығын кесті. Ал екінші орынға Марко Бенфатто (Androni Sidermec) ие болса, Эдвард Теунс (Trek-Segafredo) үшінші орынға жайғасты. «Астана» командасы сапында ең жақсы нәтижені Минали көрсетті. Ол мәреге алтыншы болып келді.

    Түркия турына "Астана" командасынан бөлек АҚШ, Германия, БАӘ, Италия, Испания, Ресей, Польша, Бельгия, Бразилия және Түркияның ұлттық құрамасы секілді 13 континентаралық (құрлықаралық) және кәсіби командалар бақ сынап отыр. "Астана" сапынан Түркия турына Жандос Бижігітов, Сергей Чернецкий, Дмитрий Груздев, Йеспер Хансен, Риккардо Минали, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев және Андрей Зейц қатысып жатыр. Түркия туры алты кезеңнен тұрады. Ертең, жарыстың екінші күні елошабандоздар 106 шақырымды құрайтын Кумлуджа мен Фетхие арасын жүріп өтеді. Үшінші кезеңде 129 шақырымдық Фетхие-Мармарис арасын басып өтеді. Жұма күні Мармаристен Сельчукқа қарай 205 шақырымды еңсеріп, бесінші кезеңде Сельчуктан Измирге қарай 166 шақырымды бағындырмақ. Велошабандоздар 144 шақырымға созылатын Түркия турының соңғы кезеңін Стамбулда бастап, сол жерде мәре сызығын кеседі. 53-рет ұйымдастырылған Президенттік Түркия туры 15 қазанда аяқталады. Еске сала кетсек, бұл тур алғаш рет 1963 жылы "Marmara tour" деген атаумен ұйымдастырылды. 1968 жылы Президенттік Түркия туры болып өзгертілді.

    Автор: Назерке АБИБУЛЛА, АЛАНИЯ

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание