ТҮРКИЯ ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ (+ФОТО)

    • Filled in News in Kazakh 3 Май 2015 в 7:12, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 2 520.

    photo_scanferla_119X5628

    Стамбул қаласында өткен Түркия турының соңғы 124 шақырымды сегізінші кезеңінде испаниялық Caja Rural командасының өкілі испан Луис Мас ұтып алды.

    «Астана» командасы бұл жарыста жалпы есептегі жеңіске таласуға, кем дегенде үштікке енуді жоспарлаған. Бірақ Түркия турының король кезеңі саналатын үшінші этапта «Астана» жақсы нәтиже көрсете алмады. Осыдан кейін команданың жалпы есептегі жеңіске үміті үзілгенді. Осы сәтте Дмитрий Седун команда алдында бір кезеңді ұту мақсатын қойған. Бұл мақсатты орындауға «Астана» алтыншы кезеңде жақын болды. Колумбиялық Анхель Лопез бұл кезеңде бірнеше шақырым көш бастап, соңғы шақырымды қарсыластарының біріне есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты. «Астана» жартысы таулы, жартысы спринттік жолға құралған жетінші кезеңде жеңіске жетуге талпынған. Алдымен Валерио Аньоли лидерлікті өз қолына алғанымен кейін пелатон оны қуып жетті. Одан Бақтияр Қожатаев талпыныс жасағанымен нағыз спринтерлер бәсекесінде тек оныншы орыннан көрінді.

    Ал Стамбул төрінде өткен сегізінші кезеңде «Астананың» жеңіске үміті аз еді. Оны Седунның өзі «Аламан» тілшісіне берген сұхбатында ашық айтқан еді. Дегенмен, мәреге үш шақырым қалғанда «Астана» сапынан Анехль Мигель Лопес көшбасшы топпен мәреге ұмтылған. Алайда екі шақырым қалғанда жығылып, мүмкіндігін жіберіп алды. Ал мәреге тақағанда бәсеке Etixx командасы мен Caja Rural арасында өтті.

    photo_scanferla_119X5628

    photo_scanferla_119X5630

    Қорытындысында британиялық Марк Кэвендишті мәреге жақындағанда басып озған испандық Луис Мас жеңіске жетті. Екінші орынды Кэвендиш иеленді. Ол осыған дейін осы турдың үш кезеңінде жеңіске жеткен. Соңғы кезеңнің үшінші орынын тағы бір Caja Rural командасының испандық өкілі Карлос Барберо иеленді. »Астанадан» сегізінші кезеңде спринтер Руслан Тілеубаев 12-орын алды. Бақтияр Қожатаев 28-келді. Анхель Лопес 96-орында.

    Жалпы есепте биылғы Түркия турын Lampre-Merida командасының хорваттық шабандозы Кристиан Дурасек жеңіп алды. Екінші орынды аргентиналыұ Эдуардо Сепулведа (Bretagne — Séché Environnement) алса, үштікті австралиялық Джей Маккарти (Тинкофф) иеленді. Бақтияр Қожатаев жалпы есепте 14-ші, Мигель Анхель Лопес 15-орында.

    Турдың ең үздік командасы болып Caja Rural командасы танылды.

    016

    005

    008

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    #1 by амангельди Kazakhstan on 3 Май 2015, 22:07:

    Сугреттер өте керемет! Бірақ астында бірекі ауыз сөз жазуға болатын еді деймін.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание