ТҮРКИЯ ТУРЫ-2015. ГРУЗДЕВ ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТІЛДІ

    • Filled in News in Kazakh 30 Апрель 2015 в 8:49, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 2 692.

    Cycling / Radsport / Tour of Turkey / 2.Etappe / 27.04.2015

    Түркия турының 160 шақырымдық бесінші кезеңі Мугла мен Памуккале қалаларының арасында өтті.  

    Мугла қаласынан сөреден шыққан спортшылар 34 шақырымға дейін бірге келді. Одан кейін Де Гендт (Lotto Soudal), Баззана (UnitedHealthcare Pro Cycling Team) және Веучелен (Wanty — Groupe Gobert) бастаған жігіттер пелатоннан ұзап шыққан, дегенмен пелатон оларды 15 шақырымнан кейін қуып жетті. Ал «Астана» командасы этап басында көп күш жұмсамай пелатон ортасында жүрді.

    Жарыстың 68 шақырымын артқа тастаған шабандоздар нағыз таулы кезеңді жүріп өтті. Осы сәтте «Астана» командасының мүшесі Дмитрий Груздев «Southeast» командасының спортшысы Евгерт Жупамен жолға таласып, байланысып қалды. Бұл сәтті төмендегі видеодан көре аласыздар. Ол осы қылығы үшін жарыстан шеттетілді. 

    Бесінші этап жарыстың қиын кезеңдерінің бірі болғандықтан спортшылар мәреге елу шақырым қалғанда ғана белсенді қимылдай бастады. Дәл осы шақырымда пелатоннан суырылып шыққан шабандоздар уақыт өте өзгеріп отырды. Бірақ олардың арасында тек  Де Бле (Lotto Soudal), Хоусон (Orica — GreenEDGE), Апполлонио (Androni Giocattoli), Брун (Bretagne — Séché Environnement) және Барсело (Caja Rural — Seguros RGA) ғана пелатонға қиындық туғызып, мәреге отыз шақырым қалғанға дейін топ бастады. Ал кезеңді ұтып алудан дәмелі «Астана» жігіттері бұл шақырымдарда пелатон басында жұмыс жасады.

    Мәреге 18 шақырым қалғанда «астаналық» Дмитрий Груздев өзі жалғыз суырылып шығып топ бастаған. Дегенмен оның шамасы көп уақытқа жетпеді. Пелатон оны мәреге 15 шақырым қалғанда қуып жетті.

    Біле отырыңыз. Жарыс кезінде тамақтандыру ісінде күн сайын 1500 аспазшы мен даяшылар қызмет етіп жатыр. Түркия турына жалпы саны екі мыңнан астам аккредитация жасалған. Ал жарыста 150 журналист жұмыс істеп жатыр, оның ішінде елуі — шет елдік журналисттер.

    Нағыз теке-тірес Памуккале қаласына келгенде басталды. Таулы жолды артқа тастап, жазық жолға түскен шабандоздар өз командаластарының спринтші жігіттеріне жұмыс жасады. Бұл тұрғыда команда болып Etixx — Quick Step, Tinkoff — Saxo , Lampre — Merida және Lotto Soudal жігіттері пелатон басында белсенді қимылдады.

    Мәре сызығына бір шақырым қалғанда пелатон ортасында қақтығыс болып, шабандоздар үш топқа бөлініп кетті. Дәл осы уақытта нағыз спринтші жігіттердің теке-тіресі басталды. Мәреге 100 метр қалғанға дейін көш бастап тұрған Джей Маккарти (Tinkoff-Saxo) күшін соңына дейін сақтай алмай үшінші орынға ие болды. Екінші орынды Карлос Барберо (Caja Rural-Seguros RGA) қанағат тұтты. Ал бірінші орынды жарыстағы белсенді шабандоздарың бірі Саша Модоло (Lampre-Merida) ұтып алды. «Астана» сапынан үздік нәтижеМигель Анхель Лопес Мореноға тиесілі. Ол мәре сызығын 21-болып қиды. Ал Бақтияр Қожатаев бұл кезеңде 37-сатыдан көрінді.

    «Астана» командасының өзгеде спортшыларының нәтижелері: Данил Фоминых 62, Руслан Тілеубаев 75, Дмитрий Груздев 79, Арман Қамышев 81 және Валерио Аньоли 120.

     Жалпы есепте Давид Реббелин (CCC Sprandi Polkowice) топ бастап тұр. Екінші орын Кристиан Дурасектің (Lampre-Merida) еншісінде. Үздік үштікті Эдуардо Сепулведа (Bretagne-Séché Environnement) қорытындылап тұр. Ал «Астана» сапынан Мигель Анхель Лопес Морено 18-орында келе жатыр. Бақтияр Қожатаев әзірше 20-орында тұр.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание