“Тур Швейцария” велододасы,

    • Filled in News in Kazakh 16 Июнь 2010 в 12:31, author: Sake
    • Views: 2 879.

    Бұл күндері “Астана” клубының бір топ велошабандоздары көпкүндік “Тур Швейцария” велододасына қатысуда. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша жалпы есептегі тізімді неміс велошабандозы Мартин Тони көш бастап келеді.

    Алдымен осы доданың ортасында жүрген “Астананың” құрамымен таныстырып кетейік. Бір қуанарлығы, ерте көктемдегі жарыстардың бірінде жарақат алған үздік спринтеріміз Асан Базаев қатарға қайта қосылыпты. Ендігі жерде Асан бауырымызды қауіп-қатер айналып өтсін деп тілейік. “Тур де Франс ” алдындағы дайындық кезеңнің бірінен саналатын көпкүндік жарыс “Тур Швейцарияға” негізінен жерлестеріміздің жолы түсіпті. Атап айтсақ, Асан Базаев, Максим Иглинский, Максим Гуров, Евгений Непомнящий, Валерий Дмитриев, Сергей Ренев және испаниялық Оскар Перейро мен австралиялық Аллан Дэвис өнер көрсетуде. Алғашқы екі кезеңнен кейін көш тізгіні жеке-жарыстардың нағыз шебері швейцариялық велошабандоз Фабиан Канчеллараның қолына өткен еді. Бірақ Бейжің олимпиадасының чемпионы бүгінгі жарыс жолынан кейін үстіндегі сары жейдені неміс жігіті Мартин Тониге шешіп берді. Дегенмен бұл кезеңнің бас жүлдесі бүкіл Люксембург мақтан тұтатын Фрэнк Шлэктің еншісіне тиді. Сөреге жеңімпаздың ізін ала жеткен топпен бірге келген “Коламбияның” өкілі Мартин Тони генералдық тізімде бірінші орынға көтерілсе, кешегі лидер Канчеларра екінші орынға сырғыды.

    КТК каналы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание