«ТУР-ДЕ-ФРАНС». СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРДЕН КҮТЕРІМІЗ КӨП

    • Filled in News in Kazakh 21 Июль 2012 в 12:47, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 783.

    АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ БАЛАЛАРЫМЕН БІРГЕ

    «ТУР-ДЕ-ФРАНС». СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРДЕН КҮТЕРІМІЗ КӨП - Alaman.kz

    Францияға табан тіредік. Сегіз сағаттың әуе жолымен Германия айналып, Тулузаға жеттік.

    Франкфурт қаласы бізді бұлтты райымен қарсы алды, Әуежайдағы бес сағаттық үзілістен кейін Францияны бетке алып, Тулузаға түстік. Кейін Еуропадағы католиктердің орталығының бірі саналатын Лурд қаласына табан тіредік. Ал «Тур де Франста» бақ сынап жатқан «Астана» командасы По қаласында бір күндік демалыста екен. Бірден команда орналасқан базаға бет алдық.

    Команда тынығып жатыр. Негізгі кезеңдер артта қалып, енді шешуші сындардың да уақыты келіп жетті. Командадағы Роберт Кисерловски жарақат алыпғ жарысты аяқтапты. Ал «таулы жарыстың королі» атағына үміткер Кессякофф тынығып жатыр деген соң онымен сұхбаттаса алмадық. Есесіне, Максим Иглинский мен Александр Винокуровпен жүздестік. Виноны қолдауға Монакодан қос ұлы да келіпті арнайы. Сашаның әкесі де жүр бұл маңда…

    Винокуров айтады: «Команданың нәтижесі жаман емес. Алдағы шешуші кезеңдерде барымызды саламыз. Әрине, Кисерловскидің жарақаты командағы соққы болды. Бірақ бір кезеңді ұтуды және Кессякофф киген таулы король атағын қорғап қалу үшін барымызды саламыз. Ал өз басым, соңғы кезеңдердің бірінде топ жарсам деймін».

    Команда мүшелерінің көңіл күйі жақсы. Ертең «Турдағы» қиын кезеңдердің бірі… Бұл кезеңнен арнайы толыққанды репортаж күтіңіздер…

    "АСТАНА" КОМАНДАСЫ ТЫНЫҒЫП ЖАТЫР

    "АСТАНА" МЕН "КАТЮША" ПО ҚАЛАСЫНДА БІР ҚОНАҚ ҮЙГЕ ТОҚТАПТЫ

    МАКСИМ ИГЛИНСКИЙ БІЗГЕ СҰХБАТ БЕРІП ТҰР

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание